Басты бетЕуропалық иммундау апталығына арналған «ЖАЛПЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ - THE BIG CATCH UP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Еуропалық иммундау апталығына арналған «ЖАЛПЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ - THE BIG CATCH UP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Еуропалық иммундау апталығына арналған «ЖАЛПЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ - THE BIG CATCH UP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Вакцинация бұл − елдің эпидемиологиялық саулығының негізі. Жұқпалы аурулармен күресте іске асырылатын медициналық іс-шаралардың ішінде жетекші орындардың бірі − халықты вакцинациялау болып табылады. Ол бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қол жетімді құралы ретінде танылған.

Балалық шақтан бастап уақтылы вакцинация алу өте маңызды, өйткені ол өмірге қауіп төндіретін ауруларға ұшырамас бұрын балалардың иммунитетін қамтамасыз етуге көмектеседі. Әр елдің ұлттық жоспарлы иммундау күнтізбесі әр балаға, вакциналар арқылы қажет болған кезде алдын алуға болатын ықтимал ауыр аурулардан қорғалатындай етіп жасалған. Вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардың көпшілігі оңтайлы қорғанысқа қол жеткізу және қорғанысты сақтау үшін вакцинаның бірнеше дозасын қажет етеді. Вакцинация күнтізбесіндегі әрбір доза қорғанысты құруға немесе сақтауға арналған. Вакцинация дозасының кез келгенін өткізіп алу немесе кешіктіру инфекция мен ауыр аурулардың қаупін арттырады.

Бүкіл әлемде ?COVID-19 пандемиясына байланысты, бүкіл әлем бойынша балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау көлемі күрт төмендеп кеткен. ?COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері ДДҰ-ның еуропалық аймағында 1,2 миллионнан астам бала қызылшаға, паротитке және қызамыққа (КПК) қарсы вакцинация алмаған, бұл дегеніміз осы аурулардың жаңа қарқынмен өршуіне себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медицина қызметкерлерін халықты, әсіресе балаларды жаппай иммундауға шақырады.

2023 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен Еуропалық иммундау апталығына арналған «ЖАЛПЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ - THE BIG CATCH UP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ өткізілді. Форумда халықтың иммундық опрофилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық егу күнтізбесін кеңейту, халықаралық ұйымдардың иммундауды дамытуға қосқан үлесі және т.б. негізгі мәселелер талқыланды.

Форум гибридті форматта өтті. Залда медициналық ұйымдардан, медициналық жоғары оқу орындарынан және т.б. ұйымдардан 123 маман қатысты. Онлайн режимде 4898 қатысушы қатысты, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан.