«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
Санэпидсараптама орталығы өз тарихын 2004 жылдың қаңтар айынан бері жеке кәсіпорын ретінде жүргізіп келеді және бір кездері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының СЭҚ-нің ортақ бөлімшесі болған зертханалық бөлімнің жалғастырушысы болып табылады.
Миссиясы: халық денсаулығына әсерін ететін қоршаған орта факторларын гигиеналық бағалау мақсатында кешенді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау
Санэпидсараптама орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жүргізеді және Медициналық орталықтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірге (бұдан әрі – СЭҚБ) Қазақстан Республикасына ресми іссапармен келген шетелдік мемлекет басшыларының, Үкімет басшыларының және күзетілетін тұлғалардың шетелдерге, республика аймақтарына іссапарларының, күзетілетін тұлғалардың қатысуымен жүргізелетін шаралардың медициналық қауіпсіздігін, санитарлық – эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етеді.
Санэпидсараптама орталығы тұратын ортаның бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық зерттеулерін және физикалық өлшем факторларын (ионды және электромагниттік сәуле тарату, шу, жарықтандыру, микроклимат) Қазақстан Республикасының стандарттарына, ТМД елдері арасында қабылданған және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді.
Санэпидсараптама орталығы Қазақстан Республикасы техникалық реттеу жүйесінде ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 талаптарына сәйкес аккредиттелген, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және клинико-диагностикалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берілген.
2012 жылы Санэпидсараптама орталығына халықаралық біріккен ILAK MRA № 03-46/36 (Халықаралық зертханаларды аккредиттеу Ассоциациясы) белгісі берілді. Халықаралық белгіні алу – зертханалық зерттеулер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Берілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері ILAK жүйесінің құрамына кіретін әлемнің барлық елдерінде мойындалады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) мекен ету ортасы объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, тұрғындардың денсаулығына әсер етуіне кешенді бағалау жүргізу;
2) тіркелген контингентке жұқпалы, паразитарлық аурулармен сырқаттануларының, улануларының себептері мен пайда болу жағдайларын зерттеуін жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілеріндегі және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғаларға судың, тамақ өнімдерінің, әуе орталығының, топырақтың, құрылыс материалдардың, полимерлік және басқа да әр түрлі өнімдердің, және адам өміріне әсері бар физикалық радиологиялық тағы басқа факторлардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының салынып, жаңартылып жатқан ғимараттар мен бөлмелерінде сыртқы орта объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде және басқада ұйымдарға, жеке тұлғаларға бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық зерттеулер жүргізеді;
6) тіркелген контингенттерге бактериологиялық, паразитологиялық, зерттеулер жүргізеді;
7) күзетілетін тұлғалардың баратын, тамақтанатын және тұратын орындарында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасына ресми сапармен келетін шет мемлекет пен Үкімет басшылары, күзетілетін ел тұлғалары қатысатын іс-шараларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
9) қаланың емдеу ұйымдарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандырылған) қамтамасыз етуді іске асырады және алдын алатын дәрі-дәрмектерді сақтайды;
10) ақылы негізде дератизациялық, дезинсекциялық қызметтер көрсетеді;
11) халықтың декреттелген топтарын санитарлық-гигиеналық оқыту, жеке, заңды тұлғаларға медициналық кітапша бланклерін, санитарлық паспорттар беруді ұйымдастыру және басқада баспахана өнімдерін таратуды жүзеге асыру. Халықтың декреттелген топтарын алғашқы және кезеңді медициналық қарауға қатысады;
12) жаңа құралдармен зертханалық жабдықтарды, лабораториялық зерттеулер әдістемесін енгізуде және сынауды ресми мақұлдап, іріктейді;
Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген, оның қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметтерді жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.