Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Медициналық орталығының
«Санитариялық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы» ШЖҚ РМК
директорының 2024 жылғы
«20» маусымдағы №91 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Шағым түсіру тәртібі
- ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК-ге (бұдан әрі - Кәсіпорын) шағым түсіру:
- ауызша арыз беру арқылы: - ЗЗСМД директорына, тел.: +7 (7172) 57-97-38; - Кәсіпорын директорының ұйымдастыру-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарына, тел.: +7 (7172) 57-97-05; Кәсіпорын директорына, тел.: +7 (7172) 57-97-05.
- Қазақстан Республикасы, Z19Y8B0, Астана қаласы, Есіл ауданы, Александр Сызғанов көшесі, 3/2 ғиамрат мекенжайы бойынша Кәсіпорынның директоырның атына жазбаша хат жолдауға;
- Электронды хат түрінде: Кәсіпорынның ресми centrexpert@cseemc.kz. электронды поштасына - Е-өтініш немесе Documentolog арқылы өтінім беруге болады.
- Шағымның мазмұнында: 1) шағымданатын әрекеттер (әрекетсіздік) және/немесе шағым түсіргіңіз келген зертхананың атауы және/немесе қызметкердің аты-жөні.; 2) өтініш беруші – жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері туралы мәліметтер, не өтініш беруші – заңды тұлға өкілінің аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс, сондай-ақ байланыс телефонының нөмірі (нөмірлері), электрондық пошта мекенжайы (бар болса) және өтініш берушіге жауап қайтарылатын пошта мекенжайы; 3) шағымның мәні. Өтініш беруші шағымын растайтын құжаттары (бар болса) не олардың көшірмелерін ұсынуы мүмкін.
3. Шағымды қарастыру мерзімдері: қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін шағымдар, келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде қаралады және олар бойынша шешімдер қабылданады; қосымша зерделеуді талап ететін шағымдар, келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қаралады және олар бойынша шешімдер қабылданады. Егер шағымды қарау мерзімі ұзартылатын болса, өтініш берушіге сол сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде хабарланатын болады.
4. Өтініш берушіге шағым берілген күннен кейінгі жұмыс күні ішінде шағымды қарау мерзімдері туралы хабарланады.
5. Кәсіпорын өтініш берушіге шағым бойынша қабылданған шешімді өтініш беруші көрсеткен мекенжайға жазбаша түрде бағыттайтын болады.
6. Егер қабылданған шағым бойынша шешімге қатысты өтініш берушіден 30 күнтізбелік күн ішінде қарсылықтар түспесе, ол қабылданды деп есептеледі.