Басты бетСанитариялық-химиялық зерттеулер зертханасы

Санитариялық-химиялық зерттеулер зертханасы

 

 

ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар».

Зерттеулер келесі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жүргізіледі:

  1. КО ТР 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»;
  2. КО ТР 007/2011 «Балаларға арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
  3. КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»;
  4. КО ТР 009/2011 «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
  5. КО ТР 015/2011 «Дәннің қауіпсіздігі туралы»;
  6. КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  7. КО ТР 019/2011 «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы»;
  8. КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  9. КО ТР 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өнімдерінің техникалық регламенті»;
  10. КО ТР 024/2011 «Май-тоң май өнімдерінің техникалық регламенті»;
  11. КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  12. КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және технологиялық қосалқы құралдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары»;
  13. КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  14. ЕАЭО ТР 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  15. ЕАЭО ТР 044/2017 «Қапталған ауыз суының, соның ішінде табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы»;
  16. ЕАЭО ТР 047/2018 «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  17. ЕАЭО ТР 051/2021 «Құс етінің қауіпсіздігі туралы».

Зертхана келесі зерттеу түрлерін жүргізеді:

Тамақ өнеркәсібі
— тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі (токсиканттардың құрамы), оның ішінде нан өнімдері, қант, өсімдік және мал майы, балық өнімдері, консервілер және т.б.;
— алкогольдік сусындардағы улы қоспалардың құрамы, шарап пен шарап материалдарындағы этанол мен органикалық қышқылдардың мөлшері;
— өсімдік майлары мен жануар майларының сапалық құрамы;
— тағам өнімдеріндегі пестицидтердің микрокоспалары;
— тағам өнімдеріндегі органикалық қышқылдар.

Ауыл шаруашылығы
— пестицидтердің және өсімдіктерді қорғаудың басқа да құралдарының құрамын талдау;
— топырақтағы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдеріндегі пестицидтерді, гербицидтерді және басқа да токсиканттарды талдау.

Парфюмерия және косметикалық құралдар
— парфюмериялық өнімдер мен бастапқы шикізаттағы улы қоспаларды талдау;
— эфир майлары мен хош иісті заттардың құрамын талдау;
— этанол мен басқа да спирттердің құрамын талдау.

Темекі өнеркәсібі
— темекі өнімдерінің сапалық құрамы;
— пестицидтердің қалдық мөлшері.

Фармацевтика
— дәрілік препараттардың, биологиялық белсенді қоспалардың және бастапқы шикізаттың сапасы мен құрамын талдау;
— улы қоспалар мен еріткіштердің құрамын анықтау.

Экология
— ауыз суда және ағынды суларда пестицидтердің, көмірсутектердің, хлорорганикалық қосылыстардың және басқа да ластағыштардың микрокоспалары;
— топырақтағы зиянды экотоксиканттар;
— ауадағы хладондар;
— қоршаған орта объектілеріндегі фенолдар, пестицидтер және басқа да ұшпа органикалық қосылыстар.

Зерттеулер заманауи зертханалық жабдықтарда білікті мамандармен жүргізіледі.