Басты бетСанитарлық-бактериологиялық зерттеулер

Санитарлық-бактериологиялық зерттеулер

Жусупова Баян Кабдигалимовна, заведующая отделом санитарно-бактериологических исследований
 

ҚР ПІБ МО “СЭСО” РМК Бактериологиялық Зертханасы Зерттеудің Келесі Түрлерін Орындайды:

 

Клиникалық-диагностикалық зерттеулер

  • патогенді ішек тобына зерттеулер (дизентерия, сальмонеллез, шартты-патогенді флора);
  • коли-патогенді топқа зерттеулер;
  • дифтерияға зерттеулер;
  • стафилококк зерттеулер;
  • науқастардан алынған материалды зерттеу (қақырық, зев, мұрын, құлақ, қынап, өт, жаралы ішіндегіс, зәр, қуықасты безінің ішіндегіс, емшек сүті, конъюктива)   флора және антибиотиктерге сезімталдық;
  • қанды зарарсыздыққа зерттеу;
  • қанды гемокультураға зерттеу;
  • зең және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарды анықтауға арналған зерттеулер;
  • дисбактериозға зерттеулер;

зерттеулер классикалық зерттеу әдістерін, сондай-ақ заманауи жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі.

  • Санитарлық– эпидемиологиялық зерттеулер:

  • ауыз суды мембраналық фильтрация әдісімен зерттеу;
  • ыдыстарға құйылған ауыз суды, минералды табиғи және жасанды минералдандырылған суларды зерттеу;
  • суға түсетін-жүзетін бассейндердегі суды зерттеу;
  • суды патогенді микрофлораға зерттеу;
  • жер үсті су қоймаларының суын зерттеу;
  • шайындыларды ІТТБ зерттеу;
  • шайындыларды патогенді флораға тексеру;
  • шайындыларды стафилококқа тексеру;
  • материалдың стерильдігін анықтау сараптамасы;
  • тігіс және таңу материалдарын стерильділікке тексеру;
  • ауаны зерттеу;
  • тамақ өнімдерін зерттеу;
  • азық-түлік шикізаттарын зерттеу;
  • алкогольсіз сусындарды зерттеу;
  • консервілерді өндірістік стерильділікке тексеру;
  • дәріханалық дәрілік формаларды тексеру;
  • дәріхана ыдыстарын тексеру.
  • ҚР ПІБ “СЭСО” РМК-нің бактериологиялық зертханасы ҚР СТ 17025:2007 стандарты бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген .

    Клиникалық-диагностикалық зерттеулерді осы мамандық бойынша біліктілік санаттарына ие, сондай-ақ мерзім сайын елімізде, шетелде өз біліктілігін арттыру үшін біліктілікті арттыру курстарын бітірген білікті персонал жүргізеді. Зерттеулер классикалық жалпы қабылданған әдістемелермен де, заманауи жабдықтармен де жүргізіледі, сонымен қатар анықталған микроорганизмдерді нақты және жедел нақтылау үшін және түпкілікті нәтиже беру үшін заманауи тесттерді қолдана отырып, жаңа зерттеу әдістері қолданылады.

    Зертхананың орналасқан жері, биоматериалды жалпы қабылданған жеткізу ережелерін ескере отырып, қысқа мерзімде жеткізуді жүзеге асыруға ыңғайлы орналасқан (материалды алып, оны егу уақытының аралығы 2 сағаттан аспайды).

    Бұл жағдай клиникалық материалды зерттеу кезінде өте маңызды, өйткені этиологиялық маңызды микроорганизмдердің өсуі, сондай-ақ күтімді талап ететін, аз ғана уақыт өмір сүретін микроорганизмдердің өсім беру мүмкіндігі артады.

    Сондай-ақ, бұл жылдың суық мезгілінде де өте маңызды, өсімнің тиімділігі мен тағы да сол микроорганизмнің өміршеңдігімен байланысты микробиологиялық зерттеудің тиімділігін ескере отырып, материалды жеткізуді жеделдету қажет болған кезде өте маңызды.