Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатит туралы хабардар болу үшін атап өтіледі. 28 шілде күні таңдалған себебі, бұл күн Нобель сыйлығының иегері, В гепатиті вирусын ашқан және вирустың диагностикалық тест пен оған қарсы вакцина жасаған ғалым доктор Барух Блюмбергтің туған күні.
Вирусты гепатит – бауырға әсер ететін жұқпалы ауру. Бүгінгі күні әртүрлі вирустық гепатиттер белгілі, олар қоздырғышы, инфекцияның берілу жолдары, аурудың ауырлығы және алдын алу шаралары бойынша айтарлықтай ерекшеленеді.
Атап айтқанда, В және С типті вирустар - парентеральды гепатит тудырады және цирроз мен бауыр ісігінің жиі себебі болып табылады. Бұл вирустар қан арқылы, инвазиялық процедуралар кезінде ластанған құралдармен, жыныстық және тұрмыстық қатынас арқылы беріледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2019 жылғы мәліметтері бойынша: 296 миллион адам В гепатиті (ВВ) инфекциясымен өмір сүреді; С гепатиті (HCV) инфекциясымен - 58 млн; Вирусты гепатиттен 1,1 миллион адам қайтыс болды. Қазақстан Республикасында жыл сайын жаңадан анықталған созылмалы вирусты гепатиттің 6000-нан астам жағдайы анықталады, ал жоғары сырқаттанушылық – 60%-дан астам жағдайлары 30-дан 60 жасқа дейінгі жас тобында байқалады.
Барлық мүше мемлекеттер мақұлдаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық гепатит стратегиясының мақсаты 2016-2030 жылдар аралығында жаңа инфекцияларды 90%-ға және өлімді 65%-ға азайту болып табылады.
Парентеральды гепатиттің алдын алудың тиімді шаралары, ең алдымен, В вирусты гепатитіне қарсы иммундау, барлық парентеральды гепатиттерге қарсы - донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарында және сұлулық салондарында дезинфекциялық және зарарсыздандыру режимін сақтау, инвазиялық процедуралар кезінде бір реттік стерильді құралдарды қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту және қауіпсіз секс.
С вирустық гепатитіне қарсы вакцина жоқ. Ал В вирустық гепатитіне қарсы жоспарлы иммундау 1998 жылы Қазақстан Республикасының күнтізбесіне енгізілді, курс бала перзентханада туылғаннан кейін бірден бастайтын, содан кейін 2 және 4 айда жасайтын 3 екпеден тұрады. Кәсіптік жұқпалы аурулардың алдын алу үшін медицина қызметкерлері мен медициналық оқу орындарының студенттері В вирустық гепатитіне қарсы иммундалады, қан мен оның компоненттерін құюдан кейін адамдар, науқас анықталған жағдайда – отбасында қарым қатынаста болған мүшелері де вакцинациялауға жатады.
Дені сау болыңыз, өзіңізге және айналаңызға қамқор болыңыз!