Басты бетҚостанай облысының медицина қызметкерлеріне арналған шеберлік сағатын өткізілді

Қостанай облысының медицина қызметкерлеріне арналған шеберлік сағатын өткізілді

Қостанай облысының медицина қызметкерлеріне арналған шеберлік сағатын өткізілді

ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директорының м.а. Г.Е. Нусупбаева, дәрігерлер Л.К. Қасабекова,          А.С. Мұсағалиева ағымдағы жылдың 23 тамызында Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының базасында өңірдің медицина қызметкерлеріне арналған шеберлік сағатын өткізді.

Жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасы, диагностика жасаудағы геномдық секвенирлеу әдістері және жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау, сондай-ақ менингококк инфекциясының зертханалық диагностикасы тақырыптарында баяндамалар ұсынылды.

COVID-19 пандемиясынан алған сабақтар және елдегі қызылша ауруының өсімі, халықтың ұжымдық денсаулығын қорғау үшін иммундаудың маңыздылығын, вакцинацияланбаған адамдарды иммундау қажетттілігін көрсетті.

Геномдық секвинатор сияқты заманауи технологиялар аурудың қоздырғышын анықтауға, оның шығу тегі мен инфекцияның шығу тегін анықтауға және микроорганизмдердің эволюциясын бақылауға көмектеседі. Жалпы, геномдық секвенирлеу жұқпалы ауруларды диагностикалау үшін және эпидемиологиялық бақылау жасау үшін күшті құрал болып табылады.

Шеберлік сағатына Қостанай облысының алғашқы медициналық-санитариялық көмек және стационарлық медициналық ұйымдардың басшылары, госпитальдық эпидемиологтар, зертханалар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер халықты иммундаудың ұлттық бағдарламасын іске асырудағы медициналық ұйым деңгейіндегі қазіргі проблемаларды және оларды шешу жолдарын атап өтті және медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын дамытуды және иммундау бағдарламасын іске асыру кезінде мультимодальды стратегияларды пайдалану мен коммуникация жоспарын қалыптастыруды ұсынды.

Қатысушылар эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және иммундауды өткізу бойынша сұрақтар қойды. Тренингке қатысушылар халықты вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы иммундау және ауруларды диагностикалау кезінде геномдық секвенирлеуді пайдалану, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактика мәселелері бойынша оқыту қажеттілігі бойынша мәселелердің маңыздылығы мен дер кезінде талқыланып жатқандығын атап өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының бастапқы медициналық-санитариялық көмек және стационарлық медициналық ұйымдардың 50 басшысы, госпитальдық эпидемиологтар, зертханалары мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысты.

Шеберлік сағатының қатысушылары өз алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Осы іс-шара аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.