Басты бет24 наурыз - халықаралық туберкулезбен күрес күні

24 наурыз - халықаралық туберкулезбен күрес күні

24 наурыз - халықаралық туберкулезбен күрес күні

Туберкулез — туберкулездің микобактериясы (коха бацилласы) тудыратын және әртүрлі органдарда, бірақ көбінесе өкпе тінінде бір немесе бірнеше қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Туберкулез адамның әртүрлі мүшелері мен тіндеріне әсер етуі мүмкін: көз, сүйек, тері, несеп-жыныс жүйесі, ішек, ми қабықтары және т.б. Ол кезде өкпеден тыс туберкулез деп аталады, бірақ көбінесе (80%) өкпе туберкулезі кездеседі.

Инфекцияны жұқтырудың негізгі көзінауқас адам. Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады. Туберкулезбен ауыратын адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлеген кезде ауаға, бөлменің едені мен қабырғаларына, тұрмыстық заттарға қақырық пен сілекейдің ең кішкентай тамшылары түседі. Қақырық кеуіп қалғаннан кейін де микробтар ұзақ уақыт өміршеңдігін сақтап, алты-сегіз ай өмір сүре алады. Бұл аурудың байланыс арқылы  және тұрмыстық жолмен берілу мүмкіндігін көрсетеді.

Мына сипаттамалар арқылы өкпеңізде проблема бар екендігіне күдіктенуге болады: тез шаршау және жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту, түнде терлеу, ұзақ мерзімді субфебрильді температура, болмашы физикалық белсенділіктен кейңн ентігіп қалу, ұзақ уақыт (екі аптадан астам) қақырықты жөтелдің болуы.

Халық арасында туберкулездің таралуының алдын алудың негізі ағзаның қорғаныс қасиетн арттыруға бағытталған шаралар құрайды:

- рационалды және уақтылы тамақтану;

- темекі шегуден және алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланудан бас тарту;

- дұрыс жұмыс режимін сақтау, денсаулықты шыңдау, салауатты өмір салтын ұстану.

Есіңізде болсын, туберкулез ауруды уақтылы анықтаған кезде және дәрігердің емдеу және режим туралы ұсыныстарын нақты орындаған кезде емделетін ауру болып табылады. Өзін-өзі емдеумен айналысуға  болмайды.