Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнін тұрақты негізде жариялау туралы ұсыныс «Кодекс Алиментариус» Комиссиясының 39-шы сессиясында Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні 2016 жылдан бастап жыл сайын 7 маусымда атап өтілуде.
Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнінің ұраны: «Азық-түлік қауіпсіздігі-әркімнің өз құзырында!» Азық-түлікті өндіретін, өңдейтін, тасымалдайтын, сататын, дайындайтын және тұтынатын әрбір адам азық-түлікті жеткізу тізбегінің бөлігі болып табылады. Тізбектің әр сатысында тағамның ластану қаупі бар.
Олардың қауіпсіздігі үшін тізбектің әрбір қатысушысы жауап береді.
Дүниежүзілік азық түлік қауіпсіздігі күнінің тұжырымдамасы бес әрекетке шақыруға негізделген:
- Қауіпсіздік кепілдіктері: үкімет барлығына қоректік және қауіпсіз тағамдарды қамтамасыз етуі керек.
- Қауіпсіз өндіріс: ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірушілері тиісті тәжірибені енгізуі керек.
- Қауіпсіздікті сақтау: азық-түлік саласының операторлары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
- Қауіпсіз тұтыну: тұтынушылар қауіпсіз және пайдалы тағамдар туралы білуі керек.
- Бірге қауіпсіздікке: жалпы денсаулық үшін азық-түлік қауіпсіздігі бойынша күш-жігерді біріктіретін уақыт келді!
Дүние жүзінде миллиондаған адамдар қауіпті тағамды қолданғаннан соңы өлімге әкеліп жатады. Осыған байланысты ДДҰ-ға мүше мемлекеттер 2000 жылы азық-түлік қауіпсіздігін денсаулық сақтаудың маңызды функциясы ретінде мойындайтын резолюция қабылдады.
Адамға 200-ден астам ауру тағам арқылы беріледі. Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар тағамнан улану немесе инфекцияның ауыр зардаптарын дамыту қаупіне ұшырайды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын индустриалды дамыған елдер халқының 30% - на дейін ауру тамақ тұтынғаннан. ДДҰ жыл сайын 600 000 000-нан астам адам ауырып, 420 000 адам бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, токсиндермен немесе химиялық заттармен ластанған тағамдарды тұтынудан көз жұмады деп есептейді. Әр түрлі патогендермен, химиялық заттармен және токсиндермен тағамның ластануы ұзақ мерзімді перспективада тұтынушылардың денсаулығы мен болашақ ұрпаққа әсер етеді.
Мамандар, егер қауіпсіздіктің міндетті талаптары сақталмаса және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі көрсеткіштерін бақылау тетіктері жетілдірілмесе, жаһандану процестері мен өндіріс тізбектерінің күрделенуі әртүрлі кезеңдерде тағамның ластануы мен бүлінуінің қосымша тәуекелдерін тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
Азық-түлік өнімдерін бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Біз тұтынатын тамақ өнімдерінің ықтимал қауіпті бактериялармен, паразиттермен, вирустармен, токсиндермен және химиялық заттармен ластанбауы үшін жағдайларды қамтамасыз ету өте маңызды.