Басты бетДифтерия. Клиникалық көріністері, диагностикасы мен алдын алу шаралары

Дифтерия. Клиникалық көріністері, диагностикасы мен алдын алу шаралары

Дифтерия. Клиникалық көріністері, диагностикасы мен алдын алу шаралары

Дифтерия – бұл Corynebacterium diphtheriae бактериясы тудыратын өткір жұқпалы ауру. Ауру жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, шырышты қабаттарда фибринозды жабындардың пайда болуымен және дененің айқын интоксикациясымен сипатталады. Дифтерия – бұл уақтылы емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін ауыр инфекция.

Дифтерияны кез-келген адам жұқтыруы мүмкін, бірақ ол көбінесе вакцинацияланбаған балаларда кездеседі.

Дифтерия ауруының алдын алу немесе оның басқа адамдарға таралуын болдырмаудың ең жақсы жолы ол – вакцинация. Дифтерияға қарсы вакцина қауіпсіз және ағзаның инфекциямен күресуіне көмектеседі.

Дифтерияның белгілері:

  • интоксикация (қызба, шаршау, жалпы әлсіздік);
  • жұтынған кездегі тамақтың ауруы;
  • бадамша бездердің ісінуі, жабын пайда болуы (зақымдалған тінде сұр қабықшалар пайда болады);
  • дауыстың қарлығуы, құрғақ жөтел, тыныс алудың қиындауы;
  • мұрыннан су ағу;
  • мойынның ісінуі.

Токсин қанға түскен жағдайда, өмірге қауіп төндіретін асқынулар пайда болады - жүректің, бүйректің және жүйке жүйесінің зақымдануы (тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруына шалдығу қаупі). Балалар арасында өлімге әкелген жайттар жиі кездеседі.

Дифтерия диагностикасы клиникалық тексеруді және зертханалық зерттеу әдістерін қамтиды:

  • Бактериологиялық өсіру: Corynebacterium diphtheriae бактерияларын анықтау үшін жұтқыншақтан немесе мұрыннан жағынды алу.
  • Токсинді анықтауға арналған экспресс тесттер: иммуноферменттік әдістерді қолдану арқылы токсиннің болуын анықтау.
  • Серологиялық зерттеулер: қандағы токсинге қарсы антиденелерді анықтау.

   

          Біздің ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» зерттелетін биоматериалда дифтерия қоздырғышын (C. diphtheriae) анықтауға мүмкіндік беретін микробиологиялық зерттеулер 7 күннен артық жүргізілмейді.

Алдын алудың негізгі шарасы - Ұлттық профилактикалық егу

         

Дифтерияның қауіптілігін есте сақтаңыз!

Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз!