Басты бетКене энцефалиті

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті

Ауа-райы жылынып, жайма шуақ күндер бастала салысымен барша адамдардың табиғат аясында, саябақтарда серуендеуге деген құлшынысы артатыны белгілі. Бірақ осы кезде жәндіктердің, атап айтқанда кенелердің де қаптап кететінін ұмытпау керек!!!

Табиғи-климаттық жағдайларға байланысты елдегі кенелердің белсенділік маусымы әдетте наурыздан маусымға дейін байқалады, ал республиканың шығысы мен солтүстігінде ол тамызға дейін созылады. Көбінесе инфекция мамыр-маусым айларында жиналады.

Кене энцефалиті – бұл иксодты кенелер туғызатын вирустық ауру. Орталық және перифериялық жүйке жүйелерінің зақымдалуына әкеледі, параличпен және өліммен аяқталатын ауыр асқынуларды тудырады. Кене энцефалиті қатаң маусымдық сипатқа ие. Аурудың жұғуы тістегеннен кейін бірден пайда болады. Инфекцияның инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы 7-14 күнді құрайды.

Кене энцефалитімен ауыратын науқастардың жіті кезеңінде мойын, бет және кеуде тұсының ісінуі, сондай-ақ шел басу және конъюнктивит байқалады. Адамдарда аяқ-қолдары мен бұлшықеттерінің қатты ауырсыну сезімі пайда болады.

Кене энцефалитінің алдын алу.

Егер сізді кене шағып алса, кенені алу үшін дереу емханаға немесе ауруханаға бару керек! Әрі қарай, кенені зерттеу үшін ол зертханаға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК кене энцефалиті бойынша молекулярлық-генетикалық, ферменттік иммундық талдау, жаңа дәлдігі жоғары жабдықтарды қолданылатын биологиялық әдістер арқылы кең ауқымды зерттеулер жүргізіледі. Барлық қызметкерлер осы инфекциямен жұмыс істеу үшін арнайы дайындықтан өткен. Біз кенелерді ғана емес, адамдарды да кене энцефалитінің қоздырғышының болуына тексереміз.

Сіз өзіңізге сақ әрі абай болуыңыз керек, сонымен қатар табиғат аясында болғанда жеңі бар жабық киім киіп, жәндіктерге қарсы репеллент құралдарымен қолданып, күн сайын душ қабылдауыңыз керек! Сондай-ақ жәндіктерді үйге әкелуі мүмкін үй жануарларын күнделікті тексеріп тұру керек.