ҚР Президенті іс-басқармасы медициналық орталығы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының денсаулық сақтау менеджері Дария Әзімбаевамен сұхбат
Антибиотиктер — инфекциялармен күресудің күшті құралы, бірақ оларды дұрыс қолданбау ауыр зардаптарға, соның ішінде бактериялардың күшейуіне алып келеді. Бұл мәселеден қалай аулақ болуға болады және алдын-ала анализден өту қаншалықты маңызды? Бұл сұрақтарға денсаулық сақтау саласының маманы Дария Мұсабаева Әзімбаева жауап береді.
— Дария Мұсабайқызы, антибиотиктерде кері әсердің болуы— бүкіл әлемде кездесетін мәселе. Айтыңызшы, антибиотиктерді дұрыс таңдау неге соншалықты маңызды және оларды дұрыс тағайындамаудың салдары қандай болуы мүмкін?
— Шынында да, антибиотикке қатысты бұл жаһандық мәселеге айналды, өйткені бактериялар уақыт өте келе препараттарға ұстамдылыққа ие болады және бұл жұқпалы ауруларды емдеуді қиындатады. Бұл бірнеше себептерге байланысты орын алады және олардың негізгілерінің бірі — антибиотиктерді дұрыс тағайындамау немесе оларды алдын-ала анализсіз өздігінен қабылдау.
Әрбір организм бірегей және микрофлора әркім үшін әртүрлі, сондықтан кейбір адамдағы бактериялар белгілі бір препаратқа кері әсері болса, басқалар үшін болмауы мүмкін. Антибиотик ескерілмей тағайындалған кезде, бұл емдеудің тиімділігін төмендетіп қана қоймай, бактериялардың препаратқа "иммунитетті" қалыптастыруына ықпал етуі мүмкін. Нәтижесінде қалыпты жағдайға айналып инфекцияны бақылау қиындай түседі.
Сонымен қатар, антибиотиктердің жанама әсерлері бар. Оларды қабылдаған кезде патогендік бактериялар ғана емес, сонымен қатар біздің иммунитетті қолдайтын пайдалы микроорганизмдер де өледі. Егер антибиотик жарамсыз болса, ол пайдалы микрофлораны жойып, құрамындағы элементтерді қалдырып денеге зиян тигізуі мүмкін. Бұл дисбиоздың пайда болу қаупін тудырады, иммунитеттің әлсіреуі және аурудың асқынуына әкелуі мүмкін..
Сондықтан антибиотиктерге алдын-ала анализден өту өте маңызды, дәрігер сіздің жағдайыңызға тиімді болатын препаратты таңдап тағайындайды. Сізді емдеу жолын нақтылауға және ағзаға жағымсыз салдарларды болдырмауға көмектеседі.
— Сонымен, алдын-ала анализден өту емделу жолын дәл табуға көмектесе ме?
— Иә осы талдау арқылы дәрігер мақсатты түрде әрекет ете алады және негізсіз тағайындаулардан аулақ бола алады. Зерттеу мыналарға көмектеседі:
• белгілі бір бактерияларға қарсы тиімді препаратты таңдауды;
• ұстамдылықтың алдын алуға, әсіресе антибиотиктер қайта қабылданса;
• егер науқаста аллергиялық реакция болса, препаратты ауыстыруға.
Алдын-ала анализден өту дәрігерге сіздің жағдайыңызда қандай антибиотиктер тиімді болатынын көруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе созылмалы инфекцияларды емдеуде өте маңызды, тіпті дұрыс емес тағайындаудың нәтижесінде ауыр асқынуларға жеткізген кезде де.
— Анализден өту үшін қандай материалдар қолданылады?
— Зерттеуге арналған материалдар қақырық, зәр, сілекей, нәжіс, сондай-ақ тамақтың, қынаптың немесе уретраның жағындылары болуы мүмкін. Әр жағдайда таңдау инфекция орнына байланысты. Бұл дәрігерлерге бактериялардың әртүрлі антибиотиктерге қалай жауап беретіні туралы нақты ақпарат алуға және пайдасыз немесе тіпті зиянды болуы мүмкін препаратты тағайындаудан аулақ болуға көмектеседі.
— Анализдің өзі қалай жүргізіледі?
— Ең танымал әдістердің бірі-диффузиялық әдіс, бірақ біздің орталықта біз "Vitec Compact" автоматтандырылған жүйесін де қолданамыз. Бұл нәтижелерді алу уақытын қысқартуға және олардың дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Дәрігер осындай деректерді алғаннан кейін қандай антибиотиктің тиімді болатынын біле отырып, оңтайлы терапияны таңдай алады.
— Дария Мұсабаева, антибиотиктерге ұстамдылықтың дамуын болдырмау үшін оқырмандарға не ұсынар едіңіз?
— Ең алдымен, антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек. Бірнеше қарапайым, бірақ маңызды нұсқаулар бар:
• Жеке "антибиотиктер күнделігін" жүргізіңіз: қандай препараттарды қабылдағанығызды, қандай дозада және қанша күн қабылдағаныңызды жазыңыз. Бұл болашақта дәрігерге көмектеседі.
• Қабылдау режимін сақтаңыз: Егер күніне үш рет тағайындалса, онда бұл әр 8 сағат сайын. Күніне екі рет — 12 сағаттан кейін. Бұл кездейсоқ сандар емес, ағзадағы дәрі-дәрмектің дұрыс концентрациясын сақтаудың маңызды ережесі.
• Дозаны өзіңіз өзгертпеңіз немесе қабылдауды ертерек тоқтатпаңыз — бұл инфекцияның қайталануына және бактериялардың көбейуіне әкелуі мүмкін.
• Және антибиотиктерді басқалармен бөліспеңіз. Әр пациенттің өз ауруы мен бактериялары бар, оған қоса дұрыс пайдаланбау және асқыну қаупі бар.
Әркімнің мынаны есте сақтауын өтінемін: антибиотик — күшті қару. - Дария Мұсабаева, құнды ұсыныстарыңыз үшін рахмет!
— Әркімнің мынаны есте сақтауын өтінемін: антибиотик — күшті қару. Біздің орталық антибиотиктерге алдын-ала кәсіби түрде тексеруді ұсынады, осылайша сіз ең тиімді және қауіпсіз ем ала аласыз.