Басты бетАуруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары

Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары

Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары
Бәріміз де бір кездері ауруханаішілік инфекциялар туралы естіген болармыз (АІИ). Басқаша айтқанда, оны нозокомиалдық, госпитальдық деп атайды. АІИ қазіргі уақытта өзекті проблема болып табылады. Инфекция ауруханаға жатқызу кезінде немесе аруханаға жатқызғаннан кейін дамиды. Егер оның симптомдары стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан кейін пайда болса, ол ауруханаішілік инфекция деп есептеледі, кейбір АІИ науқас ауруханадан шыққаннан кейін де дамуы мүмкін. Бұл инфекциялардың дамуы науқастың стационарда болу ұзақтығын арттырады және сол арқылы оны емдеу шығындарын да арттырады, бұл әлеуметтік-экономикалық залалдың көрінісі десе де болады. Ал енді АІИ -дің "себепкерлері", яғни қоздырғыштары туралы сөз болады. Қазіргі уақытта АІИ қоздырғыштарының спектрі әрбір емдеу - профилактикалық мекемелері үшін (ЕПМ) үшін айтарлықтай кең және бірегей. Ол әртүрлі таксондардағы микроорганизмдермен (бактериялармен, вирустармен, саңырауқұлақтармен және қарапайымдылар) ұсынылған, алайда АІИ басым көпшілігінің (90% - дан астамы) шығу тегі бактериялардан болады. Қоздырғыштардың госпитальдық штаммдарына тән белгісі олардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігі, сондай-ақ олардың науқастардан, медициналық персоналдан және сыртқы орта объектілерінен жүйелі түрде бөлінуі болып табылады. АІИ қоздырғыштарының тізімі әр уақыт сайын өсуде. Қолданыстағы және ДДҰ сарапшыларының (1979) қазіргі уақытта жіктемесіне сәйкес патогендігі дәрежесі бойынша қоздырғыштарды үш топқа бөледі: Бірінші топқа дені сау адамдарда ауру тудыратын облигациялық-патогенді қоздырғыштар жатады. Бұл топтың жиі кездесетін өкілдері - Shigella spp., Salmonella Typhi, Corynebacterium diphtheria, Chlamydia trachomatis, Influenza virus, Hepatitis B virus, Histoplasma capsulatum және басқалар. Бұл микроорганизмдер - қарапайым санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуынан ғана госпитальдық инфекциялардың өршуіне алып келеді. Екінші топқа пациентте инфекцияға қарсы кедергісі төмен немесе белгілі бір бейімділік факторлары (жарақаттар, қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы және т.б.) болған кезде ғана клиникалық білінетін ауруларды тудыратын шартты-патогенді қоздырғыштар жатады. Бұл топтың өкілдеріне - Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Streptococcus agalactiae, Enterococcus faecalis, Mycoplasma hominis, Clostridium difficile және басқалары жатады. Үшінші топқа оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары жатады. Олар ағзаның резистенттілігінің төмендеуі айқын көрінетін адамдарда ғана ауру тудырады. Мысалы, АИТВ-инфекциясы, онкологиялық аурулар және басқалары. Алтын стафилококк АІИ танымал қоздырғышы ретінде қала береді. Ауруханалық жағдайда алтын стафилококк ауыр пневмониялар мен хирургиялық жарақаттардың инфекцияларын тудыруы мүмкін. Осы қоздырғышпен туындаған инфекцияларды емдеу барлық бета-лактамнин антибиотиктерге төзімді бактериялардың резистентті штаммдарының (ORSA) ЕПМ-да кең таралуымен асқынады. Сау адамдардың 30% - ға жуығы алтын стафилокококк тасымалдаушылары болып табылады. Бірақ, ілеспелі аурулар, ұзақ емдеуге жатқызу, Staphylococcus aureus гемодиализі кезінде инфекция көзі болып табылады. Шиқан, экземамен және терінің басқа да зақымданулары бар медициналық қызметкерлер маңызды тасушылар болып табылады. АІИ-ның маңызды қоздырғыштарының қатарына энтерококтар да жатады. Олар көптеген микробқа қарсы препараттарға (аминогликозидтерге, цефалоспориндерге, макролидтерге, линкозамидтерге және т. б.) табиғи төзімділікке ие. Олардың үлесіне зәр шығару инфекцияларының 16% - ға жуығы, жарақат инфекцияларының 12% - ы және қан ағынының 9% - ы келеді. Pseudomonas aeruginosa, яғни көкіріңді таяқша реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері үшін аса қауіпті. Негізгі қоздырғыштардың бірі болып саналады және барлық АІИ-ның 15-20 % құрайды. Бактериялар ылғалды жағдайларда өмір сүруге қабілетті және оның микробқа қарсы препараттарға айқын төзімділігі, дәрілік заттарды, антисептиктерді (фурацилин, риванол және басқалар), медициналық жабдықтарды, құрал-саймандарды және сыртқы ортаның басқа да объектілерін контаминдеуге мүмкіндік береді. Берілудің негізгі механизмі – ол байланыс. АІИ өзекті қоздырғыштары - Acinetobacter текті микроорганизмдер болып табылады. Бұл бөлімдерде аса ауыр науқастардың болуына байланысты оларды Р және ҚТБ бөлімшесінен жиі шығады. Көптеген микроорганизмдер ЕПМ сыртқы орта объектілерінде ұзақ сақталады, ал қолайлы жағдай болса тіпті көбейеді. Бұл ретте инфекция көздері ретінде дистилляторлар, жылыту жүйелері, кондиционерлер, су жылыту құрылғылары, аппаратуралар, науқастарды күту заттары болуы мүмкін.