Көкөністер мен жемістердің жетілуі этиленнің әсерінен болады. Этилен пісетін жемістерде, қартайған жапырақтарда, өскіндерде олар топырақ бетіне шыққанға дейін пайда болады.
Бұл табиғи өсімдік гормонын 1912 жылы орыс ботанигі Дмитрий Нелюбов ашты. Газды жемістің өзі өндіретіндіктен, жемістің бұтақта пісуінің қажеті жоқ. Ағашынан үзіп алынған жеміс үзілмеген жеміске қарағанда тез жетілуі мүмкін, өйткені ылғал жетіспеген жағдайда этиленнің бөлінуі күшейтіледі. Егер піспеген жемістер мен көкөністердің арасында ең болмағанда бір піскен жемісті қойса, онда басқаларының пісуі тезірек болады — өйткені ол піспеген жеміспен салыстырғанда артық этилен бөледі.
20-шы жылдары Ф. Деннидің (АҚШ) этиленнің әсерінен жемістердің пісуін жеделдетуге қатысты жұмыстарының нәтижесінде этилен өсімдіктерде физиологиялық процестердің реттеушісі ретінде қайта ашылды.
Кейіннен этиленмен реттелетін физиологиялық процестердің кең спектрі анықталды және өсімдіктерде оның биосинтезінің жолдары белгіленді, яғни этилен өсімдік гормонының (фитогормондарының) бірі болып табылатыны дәлелденген, ол гормондардың қасиеттеріне сәйкес өсімдіктерде түзіледі және өте төмен концентрацияларда олардың өмірінің маңызды бағдарламаларын реттейді. Тек басқа гормондарға қарағанда, ол бір органнан басқасына түспейді, қашықтан сигнал беру рөлін атқарады. Этиленнің орнына өсімдік бойына оның сигналдарын тасымалдайтын ізашары қатысады. Этилен өсімдіктен қоршаған атмосфераға бөлініп шығып, өсімдіктер арасындағы сигнал беруді қамтамасыз ете алады.
Көкөністер мен жемістерді коммерциялық мақсатта пайдалану үшін, әдетте оларды жетілмеген, піспеген күйінде үзіп алады. Ол үшін көлікте этиленді дозалап беріп тұратын арнайы кабиналар жабдықталады. Сол екі ортада этилен піскен жемістердің шіруіне де себеп болады. Піскен жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін, этиленнің әсерін блоктайтын 1 — метилциклопропен - газ қолданылады.
Этилен, дәлірек айтқанда, этиленпродуценттер – бұл ыдырау кезінде этилен бөлінетін қосылыстар болып табылады. Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бұл жағдай биохимиктердің, физиологтардың, генетиктердің, молекулалық биологтар мен практиктердің этиленді зерттеуге деген ықыласын, қызығушылығын тудырады.
Концентрация мөлшері шамадан тыс болған кезде этилен адамға және жануарларға есірткі сияқты әсер етеді. Өсімдікте этилен биотестердің көмегімен немесе зертханалық жағдайда газды хроматография әдісімен анықталады. Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер орталығының зертханасы сынама үлгілерінде этиленнің ең аз мөлшерін анықтауға қабілетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.