Басты бетЭнергетикалық гельдер туралы нені білуіміз керек

Энергетикалық гельдер туралы нені білуіміз керек

Энергетикалық гельдер туралы нені білуіміз керек

Бертінге дейін жүгірушілер жүгірген кезде тек қана суға сүйенетін уақыт болған, ал ұзақ жүгіру кезінде көмірсулардың негізгі көзі кола болды. Бақытымызға орай, марафон кезінде ағзада болып жатқан үдерістерді қазіргі заманғы түсіну, гликоген біздің бұлшық етімізге жеткізуге көмектесетін спорттық тамақтанудың алуан түрлі таңдауына алып келді.

Біздің денеміз жүгіру кезінде бұлшық етті қоректендірудің екі негізгі көзін пайдаланады – майлар мен көмірсулар. Майлар энергияға бай, бірақ олар баяу және ұзақ жүгірген кезде ғана тиімді ыдырайды, (мысалы, марафондық қашықтыққа жүгіруде сіздің максимум жылдамдығыңыздан  60-70% қарқынмен жүгіру). Сондықтан жарыс кезінде біздің денеміз негізгі энергия көзі ретінде көмірсуларды пайдаланады. Сонымен қатар, сіз тезірек жүгірген сайын, олар тезірек жұмсалады. Мәселе біз оларды бұлшық етте артығымен жинап қоя алмаймыз. Әдетте, гликоген қоры 90 минутқа жетеді. Бұл егер біз жартылай марафондық қарқынмен, 2 сағатқа - марафондық жүгіріс. Басқаша айтқанда, егер сіз кәсіби атлет болмасаңыз, көмірсулар сіз  мәре таспасын көзіңізге көрінгенге дейін аяқталады. Міне осы энергетикалық гельдер жарыс кезінде көмірсулардың қорын толтыру үшін арнайы жасалған.

Көмірсулар бұлшық және қан құрамында болады. Бұлшықетке түсер алдында, олар ағзаға сіңуі керек, содан кейін асқазан қабырғасы арқылы бұлшық етке түсуі керек. Бұл процесс уақытты талап етеді және жеткілікті түрде тиімді емес. Бұлшықет қаннан алынған көмірсулар пайдаланған кезде, ми, тиісінше, оларды аз алады және біз өзімізді құтты бір тұманда жүргендей сезіне бастаймыз (сіз ұзақ жүгіру кезінде немесе аш қарынға жаттығу жасаған болсаңыз бұл сезім сізге таныс болуы керек). Гельдер бізді бірден "жандандыруы" мүмкін, өйткені олардың құрамындағы глюкоза миды қоректендіреді де бірден қанға түседі. Сондықтан, гель арқылы энергияның пайда болу сезімі туындайды, бірақ аяқтағы ауырлықтан құтқармайды. Осылайша, гельдер ауыр жарыс кезінде энергия мен калория қорын толықтыруға көмектеседі. Дегенмен, олар көмірсулардың толық алмастыра алмайды, сондықтан төзімділікті де арттыра қоймайды.