Емдік балшықтар немесе пелоидтар – бұл құрамында биологиялық белсенді заттардан (тұздар, газдар, витаминдер, ферменттер, гормондар және т.б.) және тірі микроорганизмдер бар, икемділігі жоғары, жылу сыйымдылығы және жылу беруі баяу болып келетін табиғи коллоидты органоминералды түзілімдер. Олардың шығу тегі бойынша олардың құрамы мен емдік қасиеттерін анықтайтын емдік балшықтар алты түрге бөлінеді: шымтезек балшықтары, сапропельдер, сульфидті тұнба балшықтары, саз балшықтары, шөгінді және гидротермальды балшық.
Балшықпен емдеу адамзатқа ежелден бері белгілі және қазіргі уақытқа дейін өзектілігін сақтап келе жатқан созылмалы жұқпалы-қабыну процестерінің кең ауқымын емдеудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Бальнеотерапиялық процедураларда емдік балшықтарды қолдану ерекшелігі (тері бетіндегі аппликациялар, жараның беті, шырышты қабықтар) оларды қатаң санитарлық-микробиологиялық бақылауда болуын қажет етеді.
Балшықпен емдеу әдістері (Пелоидотерапия):
- балшық ванналары;
- аппликация;
- электр тогының әсерімен емдік балшықты қолдану;
- емдік балшығы бар тампондар;
- балшық стоматологиялық аппликация.
Жүргізілген зерттеулер емдік балшықтарда көкіріңкі таяқша (Pseudamonas Aerugenosa), энрекокки сияқты патогендік микрофлораның кең айналымын анықтады. Қазіргі жағдайда жоғарыда аталған ықтимал патогендік бактериялардың эпидемиялық процесті қалыптастырудағы рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, емдік балшықтарды бақылау қажеттілігі негізделген. Ықтимал патогендік микроорганизмдерді анықтау - емдік балшықтардың эпидемиялық қауіптілігін білдіреді.
Емдік балшықтарда кокк микрофлорасы (стафилококктар, стрептококктар, диплококктар), сіреспе және көкіріңкі таяқшалар және бациллалардың вирулентті түрлері болмауы тиіс.
Фекальды колиформды бактериялар - энтерекокктерді анықтау жаңа ғана фекальды ластанудың болуын растайды.
Емдік балшықтың (пелоидтардың) фекальды ластану дәрежесін сипаттайтын негізгі санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер:
- оң лактозалы ішек таяқшалары (ЛКП);
- сульфитті қалпына келтіретін клостридий;
- жалпы микробтық сан (ЖМС).
Балшықты санитариялық-микробиологиялық зерттеуге арналған сынамалар кен орнынан, балшық басейнінен стерильді ыдыстарға салынып алынады. Зерттеу тоқсан сайын жүргізіледі.