Басты бетЕгер сынапты термометр сынып қалған жағдайда не істеу керек?

Егер сынапты термометр сынып қалған жағдайда не істеу керек?

Егер сынапты термометр сынып қалған жағдайда не істеу керек?

Сынап термометрлері өте кең таралған аспап, ол дене температурасын жақсы өлшейді. Алайда, олардың дизайнда елеулі кемшілік бар – ол сынғыш келеді және адамдар үшін қауіпті компоненттен, атап айтқанда сынаптан жасалады. Сынап термометрін қолданған кезде нені білу керек?Егер сынап  термометр сынып қалса не істеу керек?Сынап термометрін қолданған кезде нені білу керек?

Термометр кездейсоқ құлап кетпеуі үшін оны қақпақта сақтаңыз.

Егер сынап термометр сынғып қалса, есіңізде болсын:

- сынаптың өзі қауіпті емес, оның буы қауіпті

- сынап Цельсия бойынша 18 градустан жоғары температурада буланып кетеді

- сынапты өзіңіз жинай аласыз, оны қолыңызбен немесе киіміңізбен ұстамау керек, резеңке қолғапты қолданған дұрыс.

Не істеу керек:

1. Балалар мен жануарларды бөлмеден шығарыңыз, пәтерде сынаптың таралуын болдырмау үшін олардың үстін мұқият тексеріңіз.

2. Есікті жабыңыз (өтпе жел болмау керек), егер сыртта суық болса терезені ашыңыз, егер сыртта күн ыстық болса – кондиционерді қосыңыз.

3. Қақпағы мықтап жабылатын шыны ыдысты алып, оған су құйыңыз.

4. Сынапты қағаз, скотч, шприц немесе спринцовканың көмегімен жинаңыз.

5. Барлық жиналған сынапты, термометрдің фрагменттерімен және оны жинаған құралдарды швны ыдысқа салып, қақпақпен мықтап жабыңыз.

6. Термометр сынған жерді бірнеше рет мынадай ерітіндімен өңдеңіз: 1 литр су 50 грамм сода + 40 грамм кір сабын.

7. Банкіге жиналған сынапты арнайы жоюға арналған орынға тапсыру керек.

Қалай істеуге болмайды:

- сынапты сыпырғышпен, шаңсорғышпен немесе шүберекпен жинауға;

- сынапты қоқысқа тастауға немесе кәріз құбырына ағызып жіберуге;

- сынап түскен киім мен шүберектерді қолдануға (жууға) (тығыз пластик пакетке салыңыз және банкамен бірге өткізіңіз).

Сондай-ақ, барлық сынаптың жиналғанына көз жеткізу үшін ауадағы сынап буының мөлшерін өлшеу қажет. Бұл өлшеулерді біздің зертханамызда жүргізуге болады.