Басты бетУльтрапастерленген сүт жақсы ма немесе пастерленген сүт жақсы ма?

Ультрапастерленген сүт жақсы ма немесе пастерленген сүт жақсы ма?

Сүт – бұл құрамында ақуыздар, витаминдер, минералды заттар, майлар мен көмірсулар сияқты ерекше қоректік заттары бар ерекше өнім. Әрқайсымыз бұл өнімді бала кезімізден жақсы білеміз. Бірақ, бүгінгі күні, өкінішке орай, жаңа сауылған сүт бәріне бірдей қол жетімді емес, сондықтан біз оны дүкендерден сатып алуға мәжбүрміз.

Егер бұрын супермаркеттің сөрелерінде сіз пастерленген және стерилизацияланған сүтті көріп жүрген болсаңыз, бүгінде олардың қатарына  ультра пастерленген сүт қосылды. Алайда, көпшілік бұл өнім туралы ақпаратқа қанық емес. Біздің барлығымыз рационымызда тек пайдалы өнімдердің болуын қалайтындығымыздан, сүттің бұл түрі қалай өндірілетінін білуіміз керек. Сонымен, ультрапастерленген сүттің пайдасы қандай? Бәлкім зияны бар ма екендігін бірге саралап көрейік.

Сонымен, пастеризация дегеніміз-сұйық өнімдерді немесе заттарды 60 °C- температурада 60 минут немесе 70-80 °C температурада 30 минут ішінде бір рет қыздыру процесі. Бұл оларды зарарсыздандыру және сақтау мерзімін ұзарту үшін қажет. Бұл витаминдер мен пайдалы микроорганизмдердің көп бөлігін сақтайды, әсіресе қыздыру оттегісіз жасалса. Пастерленген сүтті қайнатудың қажеті жоқ, өйткені өңдеу кезінде патогендік бактериялар (патогендік токсин түзетін микрофлора) жойылады. Мұндай сүт бірнеше күн бойы қышқылданбайды, ал бірақ ашық пакетті ұзақ уақыт сақтауға болмайды.

Көптеген адамдар стерилизацияланған сүт  деп  атайтын ультра пастерленген сүт - кез-келген тірі микроорганизмдерді жою үшін жоғары температурамен өңделген,  ішуге арналған сүт.

Ультрапастерлеу кезінде шикі сүтті бірнеше секунд бойы температурасы 135-140°C болатын стерильді бумен өңдейді, содан кейін дереу стерильді герметикалық қаптамаға құяды. Бұл өте жұмсақ өңдеу әдісі – ультрапастерленген сүтте суда еритін B1, B6, B12, C дәрумендерінің едәуір бөлігі (пастерленгенге қарағанда аз, бірақ зарарсыздандырылғанға қарағанда көп), қанықпаған майлар қышқылдар, лизин және цистин сақталады. Бета-каротиннің, сондай-ақ А, D, В2, В3, РР, Н витаминдерінің концентрациясы аздап төмендейді