Басты бетМұрын мен тамақтағы Стафилококк

Мұрын мен тамақтағы Стафилококк

Мұрын мен  тамақтағы   Стафилококк

Алтын стафилакок (Staphylococcus aureus) ересектерде де, балаларда да "құлақ-тамақ-мұрын" ауруларының жиі кездесетін себептерінің бірі. Бір қызығы, егер сіз мүлдем сау адамнан мұрыны мен жұтқыншағынан жағынды алып тексерсеңіз, сол адамдардың анализ нәтижесінің 70-80% - ында микробтың бар екенін көрінеді. Стафилококтар шартты-патогенді микрофлора болып табылады - бұл дегеніміз олар қалыпты жағдайда, ешқандай проблемалар туғызбастан, адамның шырышты қабаттарында және терісінде болуы мүмкін дегенді білдіреді. Олар денсаулыққа зиян келтірместен жылдар бойы өмір сүре алады. Иммунитеттің төмендеген кезде стафилококктар тез көбейіп, әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Мұрын мен жұтқыншақта стафилококк әртүрлі себептермен пайда болуы мүмкін, сондықтан сау адамдар аурудың белгілері қандай, дәрігерге қашан бару керек және емдеу мен алдын-алу үшін қандай әдістерді қолдану керектігін білуі керек.

Өзіңізді инфекциядан мүмкіндігінше қорғау үшін Сіз инфекцияның жұғатын негізгі жолдарын білуіңіз керек. Ересектерде мұрын мен жұтқыншақта болатын стафилококтың бірнеше себептері бар.

- ауа тамшылары; ·

- тұрмыстық байланыстар;

- анадан балаға (жүктілік, босану және лактация кезінде);

- ауа шаңы;

- инфекцияның медициналық мекемеде немесе басқа да қоғамдық мекемелерде  науқас адамдардан сау адамға берілуі. Ауа тамшыларымен берілу - науқас жөтелгенде, түшкіргенде немесе жай сөйлескенде болуы мүмкін. Бұл жағдайда қоздырғыштар қоршаған ортаға, содан кейін ауамен маңайдағы адамдардың мұрын қуысына енеді.

Стафилококкты диагностикалаудың негізгі әдісі - мұрыннан, тамақтан алынған жағындыны зертханалық зерттеу болып табылады.

Жағынды стерильді мақта мен медициналық пинцетпен алынады. Алынған үлгіні қоректік ортасы бар пробиркаға мүмкіндігінше тез салып, тығыз тығындау керек. Бірнеше күннен кейін вирус көбейеді, өскен колонналар саны бойынша организмге қаншалықты қатты әсер ететінін  және емдеудің керек керек еместігін айтуға болады. Талдау нәтижесі - бұл колониялар санының нормалары мен нақты саны көрсетілген форма болып табылады. Ересектерде мұрындағы стафилококк нормасы 10-ға 3-КОЕ/мл құрайды. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері жоғары болса, онда қабыну процесінің дамып жатқандығы туралы айтуға болады.

Негізгі алдын алу шараларына жататындар:

денедегі барлық қабыну процестерін уақтылы жою;

жеке гигиенаны сақтау, орынжайларды үнемі ылғалды тазалау;

салауатты өмір салтын жүргізу, иммунитетті нығайту.