Басты бетТефлон ыдыстар туралы фактілер

Тефлон ыдыстар туралы фактілер

Тефлон ыдыстар туралы фактілер

Тефлонды жабыны бар ыдыстар экологиялық қауіпсіз деген қауесетті естіп жүрміз.  Ал «майсыз қуырудың» басқа балама амалдары жоқ. Егер табаның өзі потенциалды қауіп төндіретін болса, онда дәмді және пайдалы тағамды қалай дайындаймыз? Сонымен талдап көрелік.

Тефлон жабыны бар ыдыстың артықшылығы неде?

1. Тағамның күйіп кетуінге жол бермейді. Бұл - осы тефлон жабынның негізгі қасиеті. Ал ғылыми түрде политетрафторэтилен деп аталады. Азық-түлік шынымен күйіп кетпейді, әсіресе егер сіз мұндай ыдыс-аяқтың ыстыққа төзімділік шегі бар екенін есте сақтасаңыз (шамамен 250 градус). Бұл температурадан аспау керек, әйтпесе  тағамыңыз ғана емес, ыдыс-аяқтың  өзі де зақымданады.

2. Жуып тазалау оңай. Жабыспайтын жабыны бар ыдыс-аяқтың қосымша бонусы –  оны әдеттегі ыдыс-аяқтан қарағанда жуу оңайырақ. Бірақ ыдыс жуғыш машинаға қоюға болмайды. Ал, өндірушілердің айтуынша, керамикадан жасалған ыдыстарды жууға болады. Алайда, егер сіз оны қолмен жууға жалқауланбасаңыз, оны ұзақ пайдалана аласыз.

3.Тағам тез дайындалады, үнемді және майсыз пісіруге болады. Біз жабыспайтын жабыны бар барлық ыдыстарды «тефлон» ыдыс деп атауды әдетке айналдырғанбыз. Бірақ жабыспайтын жабындардың басқа түрлері де бар. Олар керамика деп аталады, бірақ іс жүзінде олар керамикалық негізі бар композиттер. Бұл 400-450 градусқа дейін температураға төтеп бере алатын титан-керамикалық, алмас-керамикалық, мәрмәр, металл-керамикалық жабындар. Мұндай ыдыстағы жылу біркелкі таралады, бұл жұмсалған энергияны шамамен 33% үнемдейді, бұл сізге тағамды тез және майсыз пісіруге мүмкіндік береді.

Сонымен неден қорқуымыз керек? Айтулар бойынша, тефлон жамылғыда канцерогендер жасырылған дейді. Бұл аңыз - тефлон жабынын өндіру кезінде ылғалдандырғыш ретінде перфтороктан қышқылы (PFOA) қолданылатындықтан шыққан болуы керек. Бұл канцерогендік қасиеттері бар улы зат. Тефлон жабыны PFOA-ны қатты қызған немесе механикалық зақымдалған кезде шығара бастайды.

Алайда, сарапшылардың пікірінше, PFOA зауытта ыдысты күйдірген кезде ұшып кетеді және қызған кезде ұшып шығуы мүмкін емес. Ал тіпті  мүмкін болуы үшін, онда үй жағдайында қол жеткізу мүмкін емес өте үлкен температура керек болар еді дейді. Дегенмен, сіздің жан тыныштығыңыз үшін белгісіз өндірушілерден арзан ыдыс сатып алмаңыз: оның жабынында кез-келген нәрсе болуы мүмкін және оны ұзақ пайдалана алмассыз. Жабынды зақымдау оңай. Механикалық зақымданса да ол уытты қышқыл бөлмейді. Тек тағамды күйдірмей пісіруіңіз қиындайды. Бірақ тефлон және кез-келген басқа жабыспайтын жабыны бар ыдыс-аяқтарды ұқыпты пайдалануды қажет ететіндігін есте ұстаған жөн.

Ыдысты қатты қыздырмаңыз: тефлон үшін 250 градус, керамика үшін 450 градус. Өткір заттармен және қатты губкалармен сырып алмаңыз. Қатты әсері бар жуғыс заттармен, әсіресе қышқыл қосылған заттармен жумаңыз. Ыдысты ұқыпты пайдалана алатын асүй иелерінің жабыспайтын жабыны бар жоғары сапалы ыдысы ұзақ уақыт қызмет ете алады және тек пайда мен қуаныш сыйлайды.