Описторхоз – паразиттік жалпақ құрттардың әсерінен пайда болатын паразиттік ауру. Оны адам шикі, аз тұздалған немесе жақсы пісірілмеген өзен балықтарын жеген кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Описторхоз – осы инфекцияны жұқтырған балық арқылы берілетін ең көп таралған және ең қауіпті гельминтоздардың бірі.
Адам ағзасына енгеннен кейін бір айдан кейін описторхис жетіліп, көбейе бастайды. Бір құрт тәулігіне 900-ге дейін жұмыртқа шығара алады.
Жұқтырған сәттен бастап алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бір аптадан екі айға дейін уақыт керек. Уақыттың мөлшері адамның иммунитетіне, инфекцияны жұқтырған балықпен бірге асқазанға қанша дернәсіл енгеніне, сондай-ақ паразиттің өмірлік цикліне байланысты болады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 – ден 4 аптаға дейін, орташа-21 күн.
Жіті аурудың ағымы және оның белгілері әр түрлі адамдарда әртүрлі болуы мүмкін (жеңіл, орташа және ауыр).
Бастапқы кезеңде дене температурасы шамалы 37,5 оС дейін жоғарылауы мүмкін, дене әлсізденіп, ұйқы басып, оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқалады.
Аурудың орташа ауыр ағымында жалпы интоксикация белгілерінен басқа, дене температурасы 39 оС дейін көтеріліп, жүрек айну, құсу, жүйке қозуы, агрессивтілік, оң жақ қабырға астында басылмайтын ауырсыну белгілері кездеседі.
Описторхоздың ауыр ағымы кезінде теріде есекжемге ұқсас бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Бірте-бірте ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда созылмалы описторхоз бауыр мен өт қабының зақымдану аумағы кеңейгенше ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз өтетін кездері де кездеседі.
Алдын алу үшін ұсынымдар:
-
жақсы қайнатылған немесе жақсы қуырылған, әбден тұздалған балықты жеу;
-
балық және балық өнімдерін өнімнің сапасын куәландыратын құжаттары бар сауда орындарынан сатып алу;
-
тұзының татымдылығын анықтау үшін шикі балық пен тартылған балықты жеуге болмайды;
-
балықты кесу техникасын сақтау: шикі балықты тазарту үшін жеке пышақ, табақ және кесетін бөлек тақтай болуы керек, ол ыдыстарды қолданғаннан кейін мұқият өңдеу керек;
-
аурудың белгілері пайда болған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек.