Басты бетТолық геномды секвенирлеу "ГТО зерттеу"

Толық геномды секвенирлеу "ГТО зерттеу"

Толық геномды секвенирлеу "ГТО зерттеу"

Қазіргі уақытта көптеген өнімдерде, гендік инженерия әдістерімен жасанды түрде өзгертілген, генетикалық түрлендірілген организмдер (ГТО) бар.

ГТО-ның шығу көзі жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер, сондай-ақ  бактериялар немесе вирустар да болуы мүмкін.

ГТО-ны анықтау және сәйкестендіру әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады, мысалы, ГТО-ны күнделікті талдау үшін нақты уақыт режиміндегі полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі қолданылады, бұл өнімдерде белгілі ГТО-ның болуын ғана анықтауға мүмкіндік береді, ал өсімдіктер мен жануарлар геномдарының белгісіз модификацияларын анықтай алмайды.

Өнімдердің, өсімдіктердің және басқа да организмдердің құрамындағы тіркелмеген, белгісіз ГТО-ны анықтау үшін молекулярлық-генетикалық зерттеудің жаңа әдістері (секвенирлеу), соның ішінде толық геномдық секвенирлеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс азық-түлікті зерттеу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, өйткені ол бір үлгідегі барлық геномдық модификацияларға бір уақытта скрининг жүргізуге мүмкіндік береді.

Біздің зертханада азық-түлік, мал азығы, шикізат өнімдеріне молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізіледі.