Басты бетШудың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы

Шудың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы

Шудың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы

Шу – уақытша және спектрлік құрылымның күрделілігімен ерекшеленетін әртүрлі физикалық сипаттағы тұрақсыз тербелістер. Шу деп тыныштықты бұзып және адамға пайдалы дыбыстарды (адамның сөйлеуі, сигналдары және т.б.) қабылдауға кедергі келтіретін кез-келген жағымсыз дыбысты (қарапайым немесе күрделі) атауға болады.

Адам ағзасы әр түрлі деңгейдегі шуды әр түрлі қабылдайды. 70-90 ДБ деңгейіндегі ұзақ уақыт бойы әсер ететін шу − жүйке жүйесінің ауруына, ал 100 дБ - ден асатын шу есту қабілетінің төмендеуіне, тіпті адамның саңырау болып қалуына дейін әкелеп соғуы мүмкін. Шу, адам ұйқтап жатқан кезде де, кортизол, адреналин және норадреналин сияқты стресс гормондарының қандағы құрамын арттыра алады. 85-90 дБ шудың әсерінен жоғары жиіліктегі есту сезімталдығы төмендейді. Адам ұзақ уақыт бойы ауруға шағымданады. Симптомдары − бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, шамадан тыс тітіркену. Шу деңгейі жоғары болған кезде, есту сезімталдығы 1-2 жылдан кейін төмендейді, ал орташа деңгейде болса, кейінірек, 5-10 жылдан кейін анықталады, яғни есту қабілеті біртіндеп төмендейді.

Бірақ, біз, шудың теріс әсерін тек жұмыс жағдайында ғана емес, сондай-ақ, үйде, техниканың жағымсыз шуынан және басқа факторлардан да аламыз. Үйде отырып, біз көрші пәтерлерден, дүкендерден немесе төменгі қабаттардағы басқа да объектілерден шыққан шудың біздің есту қабілетіміздің мазасын алып жіберетінін байқаймыз. Біз шудың әсерінен қалай агрессивті, ашуланшақ және немқұрайлы болып кеткенімізді байқамаймыз, сондықтан адамдардың ұйқысы қанбай үнемі шаршап жүреді. Біз пәтерлеріміздегі шудың деңгейін тек зертханалық құрылғылармен өлшеу арқылы ғана анықтай аламыз.

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары, қызметкерлерді тиімді қорғау үшін – жабдықтарды, өндірістік кәсіпорындарды жобалау, салу, пайдаланудың барлық кезеңдерінде кешенді шаралар қолдану қажет екенін еске салады.

Шумен күресудің ең тиімді жолы − ұтымды конструкцияларды, жаңа материалдар мен заманауи технологияларды қолдану арқылы шудың пайда болу көзінің төмендеуі. Шуды азайтудың негізгі шаралары:

  • жабдықтар мен құралдардарында дыбысты оқшаулау;
  • қоршау конструкцияларын дыбыс оқшаулау, қабырғаларды, төбелерді, едендерді қаптау;
  • желдету және ауаны баптау жүйелерінде шу басқыштарды қолдану;
  • ғимараттардағы акустикалық ұтымды жоспарлық шешімдер.

Шуды оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші персонал үшін дыбыс өткізбейтін кабиналар жабдықтау қажет.

Шу деңгейі жоғары жерде жұмыс істейтіндер үшін шудың әсер ету ұзақтығын шектеп, жеке қорғаныс құралдарын (құлаққаптар, дулығалар) қолданып, дұрыс жұмыс режимін ұйымдастыру қажет, бұл жағдайда қызметкерлердің есту органдарының кәсіби ауруларға шалдығуына жол берілмейді.

Кәсіби аурулардың алдын алудың маңызды жолдарының бірі − ауруды ерте анықтауға көмектесетін мерзімді медициналық тексерулер болып табылады.