Псевдотуберкулез немесе қиыр шығыс өлкесінің скарлатинасы тәрізді безгек ̶ бұл алиментарлы жолмен берілетін және интоксикациямен, қызба пайда болып, асқазан-ішек жолдарының, терінің, тірек-қимыл аппаратының және басқа органдардың зақымдалуымен сипатталатын жедел зоонозды жұқпалы ауру.
Псевдотуберкулездің қоздырғышы табиғатта өте кең таралған. Ол сүтқоректілердің, құстардың, қосмекенділердің, буынаяқтылардың көптеген түрлерінің мүшелері мен нәжістерінен, сондай-ақ көкөністерден, тамырлы дақылдардан, жемшөптен, топырақтан, шаңнан, судан алынған шайындыларынан анықталған. Алайда, қоздырғыштардың негізгісі және адамға ауру жұқтыратындары синантропты жәндіктер мен басқа кеміргіштер болып табылады.
Псевдотуберкулез кезінде қоздырғыштың негізгі резервуары ұсақ кеміргіштер (дала және үй тышқандары, егеуқұйрықтар) болып табылады, олар қоршаған ортаның әртүрлі нысандарын, соның ішінде тамақ өнімдерін тұқымдандыру арқылы инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда өнімдердің сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.
Патогенді микроорганизмдермен ластанған, сапасыз өңделген көкөністер мен жемістерді термиялық өңдеусіз жеу ̶ адамдарды псевдотуберкулез ауруына әкелуі мүмкін. Дерт ауру адамнан сау адамға жұқпайды.
Алдын алу шаралары ол ̶ көкөніс қоймаларының жай-күйін бақылау, кеміргіштермен күрес болып табылады.
Ас блоктарындағы санитариялық-гигиеналық шаралар - тамақ өнімдерін сақтау, дайындау және сату ережелерін қатаң сақтау.
Кеміргіштерден зақымдалған тағамдарды жеуге болмайды. Көкөністерді жеген кезде оларды жылы сумен жуып, топырақтың қалдықтарынан пышақпен тазалап, шіріген, суланған және жұмсарған жерлерін кесіп тастап, содан кейін қайтадан қайнаған сумен шаю керек.
Балаларға арналған мекемелерде қырыққабат пен сәбізді термиялық өңдеусіз пайдалануға тыйым салынады.
Егер сіз үйде кеміргіштердің бар-жоғын байқасаңыз, дератизациялық іс-шараларды өткізу үшін ҚР ПІБ МО «СЭСО» РМК-нің дезинсекция, дератизация және дезинфекция бөліміне 8 (7172) 579709 ішкі нөмірі (113); 87779222292 телефондары бойынша хабарласуыңыз қажет.
Сондай-ақ, уақтылы дәрігерге бару және толыққанды емделу ̶ аурудың асқынуы мен дамуына жол бермейтінін есіңізге саламыз.
Өзіңізді қорғаңыз және аман болыңыз!