Басты бетАзық-түлік қаптамасы туралы не білуіміз керек?

Азық-түлік қаптамасы туралы не білуіміз керек?

Азық-түлік қаптамасы туралы не білуіміз керек? Азық-түлік қаптамасы туралы не білуіміз керек? Азық-түлік қаптамасы туралы не білуіміз керек?

Өнеркәсіптерде және күнделікті өмірде тамақ өнімдерін орау үшін полимерлі материалдар жиі қолданылады. Дегенмен, технологиялық процестер, сақтау шарты бұзылған кезде немесе өнімдерді жылытқан кезде полимерлі қаптамалардан зиянды заттардың бөлінуі мүмкін екенін түсіну өте маңызды.

 

  • Негізгі тәуекелдер:

Поливинилхлорид (ПВХ):

Бөтелкелер, косметикалардың қаптамасы, тұрмыстық химия және бір реттік ыдыс-аяқтарды жасау үшін қолданылады.

Белгілі бір уақыттан кейін одан тамақ пен сусындарға енетін зиянды канцерогенді зат — винилхлорид бөлінеді.

• Ұсынымдар: бір рет қолданылатын ПВХ ыдыстарды, әсіресе тағамдарды сақтау үшін қайта пайдаланбаңыз.

 

Полистирол:

Бір реттік пайдаланатын ыдыс-аяқтарды өндіру үшін қолданылады.

• Ыстық тамақпен немесе алкогольдік сусындармен жанасқан кезде стирол және басқа да қауіпті заттар бөлінеді.

Ұсынымдар: полистирол ыдыстарды ыстық тамақтар мен спирттік ішімдіктер үшін пайдаланбаңыз.

 

Технологиялық қоспалар:

 • Пластмасса өндірісінде адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін стабилизаторлар, пластификаторлар және қатайтқыш қоспалар қолданылады.

 

  • Қауіптен қалай құтылуға болады?

 Пластикалық ыдыстарды басқа мақсатта пайдаланбаңыз.

 Қаптамада көрсетілген азық-түлікті сақтау шарттарын сақтаңыз.

жылытуға болмайтын бір реттік қаптамалардағы өнімдерді жылытпаңыз.

Азық-түлік салу үшін қауіпсіздігін растайтын таңбасы бар қаптамаларды таңдаңыз.

 

  • Токсикология зертханасының міндеті қандай?

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының токсикология зертханасының мамандары:

• Полимерлі материалдардағы зиянды заттардың құрамына сараптама жүргізеді.

 Қаптаманың химиялық индекстерін бағалайды.

                                  

Біз полимерлі материалдарға білікті сараптама жасау арқылы сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды қамтамасыз етуге тырысамыз!