Мұратханов Сұңғат Мұратханұлы
Радиология және аспатық өлшеулер зертханасының меңгершісі
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ИСО/МЭК 17025-2019 жүйесі бойынша аккредиттелген. Радиология және аспаптық өлшеулер зертханасы техникалық регламенттерге және ҚР нормативтік құжаттарына сәйкес қызмет көрсетеді.
Зертхана келесі техникалық регламенттер бойынша ақылы қызметтер көрсетеді:
- ТР ЕАЭО 040/2016 – Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі
- ТР ЕАЭО 044/2017 – Қаптамадағы ауыз су мен минералды судың қауіпсіздігі
- ТР ЕАЭО 051/2021 – Құс еті қауіпсіздігі
- ТР ТС 008/2011 – Ойыншықтардың қауіпсіздігі
- ТР ТС 015/2011 – Астық қауіпсіздігі
- ТР ТС 021/2011 – Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
- ТР ТС 023/2011 – Шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент
- ТР ТС 033/2013 – Сүт пен сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
- ТР ТС 034/2013 – Ет пен ет өнімдерінің қауіпсіздігі
Радиологиялық зерттеулер:
Зерттеулер жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықта, білікті мамандармен жүзеге асырылады:
- Гамма-доза мөлшерін өлшеу арқылы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды радиациялық-гигиеналық зерттеу.
- Құрылыс материалдары мен бұйымдардағы табиғи радионуклидтердің тиімді меншікті белсенділігін өлшеу:
- Кен орындарынан алынған материалдар (қирама тастар, құм, қиыршық тас, цемент, кірпіш шикізаты және т.б.),
- Өндірістік қалдықтар (қоқыс, күл, шлак және т.б.),
- Табиғи радионуклидтері жоғары минералды шикізат (мысалы, циркон концентратын).
- Судың сынамаларындағы бета және альфа сәулеленетін нуклидтердің жалпы белсенділігін өлшеу, сондай-ақ судың құрамында: радий‑226, радон‑222, полоний‑210, свинец‑210, уран‑234, 238, торий‑232, 230, 228, плутоний‑239+240, 238, цезий‑137, стронций‑90 сынды радионуклидтердің мөлшерін анықтау.
- Қоршаған орта, тағам өнімдері, дәрілік шикізат және басқа да өнімдердегі гамма- және бета-сәулеленетін нуклидтерді анықтауға арналған сапалық және сандық талдау.
- Альфа және бета белсенділіктің меншікті жалпы көрсеткіштерін өлшеу.
- Рентген және гамма сәулеленетін құрылғыларды пайдалану кезінде жұмыс орындары мен қосалқы бөлмелердің радиациялық-гигиеналық тексерісі.
- Медициналық рентген кабинеттеріндегі сәулелік бақылау, рентген аппараты қолданылған кезде дозаның күшін сәйкестікке тексеру.
УМФ‑2000 альфа-бета радиометрі арқылы төмен белсенділікті өлшеу.
Табиғи және минералды су сынамаларындағы альфа-бета радионуклидтердің меншікті жалпы белсенділігін анықтау.
Жұмыс орындарындағы санитарлық-гигиеналық параметрлерді өлшеу:
- - Шум
- - Вибрация
- - Жарықтандыру
- - Химиялық факторлар
- - Шаңдану
- - Радиоактивтік фон
- - Электромагниттік өріс
- - Микроклимат
Шу- зертхана мамандары заманауи аспаптармен жұмыс орындарындағы шудың деңгейін, октава немесе үштік октава жолақтарындағы дыбыс қысым деңгейін, эквивалентті дыбыс деңгейін анықтап, нәтижесін хаттамаға тіркейді.
Вибрация- дірілдің әсері адам денсаулығына күшті кері әсер ету мүмкіндігінен діріл көздерін өлшеуді талап етеді.
Шумоизоляция — бұл үй-жайларда шудың рұқсат етілген деңгейін санитариялық-гигиеналық нормативтерге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған конструктивтік және ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы.
Жарықтандыру- жарықтың жеткіліксіздігі адамның көз денсаулығына және еңбек жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін, мамандар оны бақылап, бағалайды.
Электромагниттік өрістер- сәулелену көздері: өнеркәсіптік қондырғылар, компьютерлер, ұялы телефондар, желдеткіш жүйелер және т.б. мамандар барлық құрылғылардан шығатын өрістерді өлшейді.
Микроклимат- параметрлерге – температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, қоршау элементтері мен жабдықтың бетіндегі температура кіред, олар шығындары мен тиімділігін бағалап, талдау хаттамасын жасайды.
Зиянды және қауіпті факторларды өлшеу үшін заманауи аспаптар қолданамыз.
Біздің зертхана әртүрлі өндірістік және еңбек үдерістеріндегі зиянды факторларды зерттеуге толық мүмкіндік береді. Барлық қызметкерлеріміз жоғары білімді.
Желдету жүйесінің тиімділігін өлшеу
Жұмыс орындарының еңбек жағдайын бағалау үшін тұрақты түрде желдетудің тиімділігі тексеріледі. ССБТ (Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі) талаптары орындалмаған жағдайда еңбек жағдайы нашарлай алады.
Желдету тиімділігін анықтау кезінде өлшенетін көрсеткіштер:
- Ауаның айырбасталу жылдамдығы;
- Әуе ағыны құрылымы;
- Зиянды заттарды жою сапасы.
Механикалық желдетуді техникалық тексеру:
- Ауа кіріс һәм шығу жүйелерінің өткізгіштігін анықтау;
- Жергілікті сору жүйелері мен ауа шығару құрылғыларында ауа жылдамдығын өлшеу;
- Жабдықталған құрылғылардағы қысым мен температура параметрін анықтау;
- Желдету жүйесінен келетін шум мен дірілді бағалау.
Мамандарымыз заманауи аспаптармен сіздің кәсіпорныңызда желдету жүйесінің тиімділігін тексереді және оның сапасын объективті бағалайды.
Жұмыс орындарын аттестаттау — бұл жұмыс орындарындағы зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ еңбек жағдайларын айқындау, өлшеу және бағалау бойынша санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені. Мақсаты — олардың санитариялық-гигиеналық нормативтерге және еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау.
- Өлшеудің сертификатталған әдістері мен құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі;
- Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған;
- Нәтижелері өлшеу хаттамалары және гигиеналық қорытындылар түрінде рәсімделеді.