Басты бетДиоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді анықтау зертханасы

Диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді анықтау зертханасы

 

Диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді анықтау зертханасы

Зертхана ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген.

Негізгі мамандануы

Зертхана диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді (ПХБ) қоршаған ортаның әртүрлі нысандарында, тағам өнімдерінде, жемшөпте, өнеркәсіптік қалдықтарда және биологиялық материалдарда анықтауға маманданған.

Қызмет бағыттары

Зертхана келесі міндеттерді атқарады:

  • әртүрлі нысандардағы тұрақты органикалық ластаушылардың (СОЗ) құрамын мониторингілеу;
  • өнімнің санитариялық нормалар мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бақылау;
  • халық денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетін қауіп-қатерді бағалау үдерісінде аналитикалық сүйемелдеу қызметін көрсету.

Зерттеу келесі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес жүргізіледі:

  • КО ТР 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • ЕЭО ТР 051/2021 «Құс еті және оның өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • КО ТР 015/2011 «Дәннің қауіпсіздігі туралы»;
  • КО ТР 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы».

Қызмет көрсету шарттары

Зертхана аккредиттеу саласы шеңберінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне, халықаралық стандарттарға және Кеден одағының техникалық регламенттеріне қатаң сәйкестікте қызмет көрсетеді. Қызметтер заңды және жеке тұлғаларға бекітілген прейскурант негізінде ақылы түрде ұсынылады.

Әдістер және жабдықтар

Диоксиндер мен ПХБ құрамын дәл әрі сенімді анықтау үшін газды хроматография-масс-спектрометрия (ГХ-МС) әдісі қолданылады. Талдау жоғары сезімталдық пен селективтілікті қамтамасыз ететін Thermo Fisher Scientific DFS маркалы жоғары дәлдікті жабдықта жүргізіледі.

Барлық зерттеулер бекітілген әдістемелер мен стандарттардың талаптарын қатаң сақтай отырып, жоғары білікті мамандар тарапынан орындалады.