Басты бетПаразитология зертханасы

Паразитология зертханасы

Паразитология референс-зертханасы
«Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген.
Патогенділігі III, IV топқа (гельминттер, қарапайым құрттар) жататын биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар.
Негізгі мамандануы:
1. Тамақ өнімдері мен қоршаған орта объектілеріне санитариялық-паразитологиялық сараптама жасау.
2. Адамдардан алынған биоматериалды паразиттік аурулардың қоздырғыштарына гельминтологиялық зерттеу. 
 

Санитариялық-паразитологиялық зерттеулер:
•    Азық-түлік өнімдерін зерттеу:
- жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, өсімдік өнімдері 
- балық, балықтан жасалған өнімдер
- ет, еттен жасалған өнімдер

•    Суды зерттеу:
- бассейннен алынған су
- ауыз су
- бөтелкеге құйылған су 
- ашық су қоймаларынан алынған су 

•    сыртқы орта объектілерін алынған шайындыларды зерттеу;
•    топырақты зерттеу.

          Клиникалық-диагностикалық зерттеулер:
•    биоматериалды гельминттер, қарапайым құрттардың жұмыртқаларына зерттеу; 
•    перианальды-тікішек қырындысын зерттеу.

Зертхана Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына, халықаралық стандарттарға, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес сынақтарды аккредиттеу саласына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға бекітілген прейскурант бойынша ақылы қызметтер көрсетеді.


  Зертхана келесі техникалық регламенттерге сәйкес зерттеулер жүргізеді:
•    1. ТР ТС 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі и»;
•    2. ТР ТС 023/2011 «Көкөністерден және жемістерден жасалған шырындардың техникалық регламенті»;
•    3. ТР ТС 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
•    4. ТР ТС 044/2017 «Қаптамадағы, оның ішінде табиғи минералды ауыз судың қауіпсіздігі».

Зерттеулер заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған зертханада білікті мамандармен жүргізеді.