Тағам өнімдеріндегі генетикалық модификацияланған ағзаларды (ГМА) анықтауға арналған зертханалық зерттеулердің маңызы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар тұрғысынан артып келеді. ГМА бойынша мамандандырылған референс-зертханалар бұл үдерісте заңнамалық нормалардың сақталуын қадағалап, тұтынушыларды ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау секілді маңызды міндетін атқарады.
Референс-зертхананың басты мақсаты – өсімдік тектес тағам өнімдеріндегі ГМА-ның бар-жоғын дәл әрі сенімді түрде анықтау. Бұл мақсатта молекулярлық-генетикалық зерттеу әдістері қолданылады, олардың ішінде ең кең таралғаны – нақты уақыт режиміндегі полимеразды тізбектік реакция әдісі (НУ-ПТР). Бұл әдіс ауыл шаруашылық дақылдарын генетикалық модификациялауда жиі пайдаланылатын промотор 35S мен терминатор FMV NOS сияқты ГМА-ға тән ДНҚ тізбектерін анықтауға мүмкіндік береді.
Референс-зертхананың дамуы келесі негізгі аспектілерге негізделеді:
• жоғары дәлдік пен сенімділік;
• заманауи жабдықтар мен білікті мамандар;
• қызмет түрлерінің кеңейтілген спектрі;
• мемлекеттік және жеке ұйымдармен серіктестік;
• ақпараттық ашықтық және клиенттерге қолдау көрсету.
Осылайша, өсімдік тектес тағам өнімдеріндегі ГМА-ны анықтау бойынша референс-зертхананы ілгерілету тек сапалы талдау жүргізумен шектелмей, нарықпен белсенді өзара әрекеттесуді, нәтижелерге деген сенімділікті қамтамасыз етуді және қызмет түрлерін кеңейтуді қамтиды.
Әлемдік нарықта тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен ашықтығына деген сұраныс өсіп келе жатқан жағдайда, референс-зертханалардың рөлі арта бермек. Референс-зертхана бәсекеге қабілетті болып, нарықта жоғары сұранысқа ие бола отырып, тұтынушылардың өнім сапасына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.