


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ККГҚ) — өте қауіпті вирустық инфекция, ол негізінен кене шағуынан және індеттенген жануарлармен тікелей байланыс арқылы адамға жұғады. Кейбір жағдайларда, бұл инфекция адамнан адамға да таралуы мүмкін. Сондықтан аурудың дер кезінде анықталуы және оның алдын алу шаралары аса маңызды.
Инфекцияның жұғуының негізгі жолдары
ККГҚ инфекциясының таралуы келесі жолдармен мүмкін:
- Инфекцияланған кененің шағуынан;
- Ауру жануарлардың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен байланыс арқылы (көбіне ауылшаруашылық жануарлары);
- Ауру адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде қорғаушы құралдарды қолданбау.
Ауылшаруашылық қызметкерлері, ветеринарлар, аңшылар және табиғатта көп уақыт өткізетін адамдар ерекше сақтық танытуы қажет.
Инкубациялық кезең және негізгі белгілер
Аурудың инкубациялық кезеңі 1-13 күн аралығында болады. Негізгі белгілері:
- Дене қызуының күрт көтерілуі (39–40°C дейін);
- Қатты бас ауруы мен дірілдеу;
- Бұлшықеттерде, буындарда, іште және белде ауырсыну;
- Құсу, бас айналу, жүрек айну;
- Бет пен шырышты қабықтардың қызаруы;
- Ауыр жағдайларда қан кету.
Егер сізде осы белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қалай қорғануға болады?
- Қорғаныш киімдерін киіңіз: ұзын жеңді және шалбарды, сондай-ақ ашық түсті киімдер таңдаңыз — бұл кенелерді жеңіл табуға көмектеседі;
- Репелленттерді тері мен киімге пайдаланыңыз;
- Серуеннен кейін өзіңізді, балаларды және үй жануарларын тексеріңіз;
- Жануарлар ұстайтын жерлерде акарицидтермен өңдеуді жүргізіңіз.
Кене шағып алса, не істеу керек?
- Кенені дер кезінде алып тастау үшін медициналық мекемеге жүгініңіз;
- Кенені зертханаға жіберіңіз, ол арқылы вирус жұққанын анықтауға болады;
- Денсаулығыңызды 14 күн бойы бақылаңыз, егер жағдайыңыз нашарласа, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Қайда диагностикадан өтуге болады?
ҚР ПІБ қарасты Медициналық орталықтың Референс-зертханасы Конго-Қырым геморрагиялық қызба вирусын дәл әрі жедел анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи зерттеу әдістерін қолданады. Зертхана жоғары деңгейдегі технологиялармен жабдықталған және вирусқа қарсы ең жаңа диагностикалық тәсілдерді пайдаланады:
- ПТР (молекулярлық-генетикалық зерттеулер) — вирусды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді;
- Иммуноферменттік талдау (ИФТ) — вирусқа қарсы антиденелерді анықтайды;
- Жоғары дәлдіктегі технологиялар — зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз етеді және талдаудың қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді.
Байланыс ақпараттары
Зерттеу және кеңес алу үшін 8 (776) 444-82-14 нөмері арқылы байланысуға болады:
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Direct арқылы бізге хабарласа аласыз — зертхана мамандары кез келген уақытта сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Денсаулығыңызға ерекше көңіл бөліңіз — уақытылы диагностика сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Референс-зертхана, ҚР ПІБ Медициналық орталығы — сіздің вирусологиялық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін сенімді серіктесіңіз.