Басты бетБілім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады

Білім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады

Білім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады Білім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады Білім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады Білім мен тәжірибе ұштасқан орта: Референс-зертхана студенттерге жаңа мүмкіндік ұсынады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы болашақ мамандарды даярлау ісінде тәжірибеге негізделген тәсілдерді кеңінен енгізіп, жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтып келеді. Осы бағытта «Астана медицина университетімен жасалған меморандум мен қосымша келісім негізінде бірлескен жоба іске қосылды. Жоба академиялық білім беру сапасын арттырумен қатар, студенттерге заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымына қолжетімділік ұсынуды көздейді.

Референс-зертханасының мамандары мен университеттің жалпы және биологиялық химия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында өткен бірқатар жұмыс кездесулері мен кеңес беру нәтижесінде «Биологиялық объектілерді заманауи аспаптық әдістермен сапалы талдау» атты жаңа элективті пән әзірленді. Бағдарлама қосымша білім берудің (Minor) дуалды элементтерін қамти отырып, студенттерге теориялық білімді терең меңгерумен қатар зертханалық тәжірибе арқылы кәсіби машықтарды игеру мүмкіндігін береді.

Пәннің құрылымы мен мазмұны бірнеше бағытты қамтиды:

  • Жалпы және биологиялық химия кафедрасы базасында теориялық дәрістер, ғылыми семинарлар және тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізу;
  • Референс-зертхананың санитариялық-химиялық және токсикологиялық зерттеулерге арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған аккредиттелген зертханаларында тәжірибелік сабақтар ұйымдастыру;
  • Университет виварийінде жүргізілетін in vivo және in vitro форматындағы эксперименттік зерттеулерге студенттердің қатысуы, бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы талаптары толық сақталады.

Оқыту бағдарламасы аясында студенттер газдық хромато-масс-спектрометрия, инфрақызыл спектроскопия секілді заманауи аналитикалық әдістерді меңгеріп, нақты биологиялық үлгілермен жұмыс істеу арқылы тәжірибелік міндеттерді шешуге машықтанады. Зерттеу жобаларының тақырыптық аясы кең — экологиялық және фармацевтикалық қауіпсіздік мәселелерінен бастап, ауруларды ерте диагностикалаудың заманауи тәсілдерін әзірлеуге дейінгі бағыттарды қамтиды.

Білім беру бағдарламасының соңғы кезеңінде студенттердің жинақтаған білімін бағалаудың баламалы формасы ретінде ғылыми жобаларды қорғау рәсімі қарастырылған. Қорғау Референс-зертхана мамандары мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысатын ғылыми кеңес отырысында өткізіледі. Үздік деп танылған жобалар ғылыми конференцияларға ұсынылып, баспа беттерінде жариялануға ұсынылады.

Аталған жоба ғылым мен білім салаларының тиімді ықпалдасуының жарқын үлгісі ретінде бағаланады. Зерттеу жұмыстары барысында студенттер заманауи зертханалық құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеріп, кәсіби біліктіліктері мен тәжірибелік дағдыларын дамытады. Бұл өз кезегінде олардың ғылым мен фармацевтика салаларында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды.

Референс-зертхана мен Астана медицина университеті арасындағы серіктестік — сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіндегі ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңызын айқындай отырып, ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен бастамаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.