



Кенелер — өте қауіпті инфекциялардың тасымалдаушылары: кене энцефалиті, туляремия, боррелиоз, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы. Кене шаққаннан туындайтын қауіп әсіресе көктем мен жаз айларында, сәуірден шілде айының соңына дейін күшейеді. Осы кезеңде кенелер өте белсенді, себебі ауа-райы жайлы болғандықтан олар тез көбейіп және кең таралады.
Көктемнің алғашқы жылы күндері, әсіресе орман мен шалғынды жерлерде кенелер саны едәуір арта түседі. Табиғатта серуендегенде, жабық киім киіп, репелленттерді қолдану және денені үнемі тексеріп, кенелердің бар-жоғын анықтау маңызды.
Егер сізді кене шаққан болса, оны алып тастағаннан кейін, қауіпсіздік үшін оның ішінде вирус пен бактериялардың бар-жоғын тексеру мақсатында ҚР ПІБ МО Референс-зертханасына тапсырсаңыз болады.
Зертханада иммуноферментті талдау және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдістері арқылы кене энцефалиті, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және боррелиоз сияқты инфекцияларға экспресс-диагностика жүргізіледі. Анализ нәтижелері негізінде кене шаққаннан туындайтын қауіптілік дәрежесі мен қажетті қосымша медициналық шаралар туралы толық әрі нақты ақпарат ала аласыз.
Кенені уақытында зертханада тексерту — жұқпалы аурулардан туындайтын қауіптерді азайтуға және өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қорғауға бағытталған маңызды, әрі қажетті қадам.