Басты бетАуызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп

Ауызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп

Ауызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп Ауызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп Ауызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп

Су – тіршіліктің негізі. Алайда күн сайын ішіп жүрген таза көрінетін судың құрамында көзге көрінбейтін, аса қауіпті зат – диоксиндер болуы мүмкін екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Диоксиндер – өнеркәсіптік өндірістерден, қоқыс жағу сияқты үдерістерден пайда болатын, иісі де, дәмі де жоқ, бірақ өте улы органикалық қосылыстар. Олар ағзаға түскен жағдайда иммундық жүйені әлсіретіп, гормондық тепе-теңдікті бұзып, бедеулікке және қатерлі ісіктерге себеп болуы ықтимал.

ДИОКСИНДЕР СУДЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚАЛАЙ ЕНЕДІ?

Бұл улы заттар көбіне қоқыс жағу, пластик пен резинаны отқа жағу кезінде ауаға таралады. Кейін олар топыраққа сіңіп, жер асты суларына өтіп, ақыр соңында біздің тұтынып жүрген ауызсуға айналады. Әсіресе ауылдық жерлер мен саяжай аймақтарында бұл қауіп жоғары – себебі мұнда орталықтандырылған су сапасын бақылау жоқ, ал құдықтар мен ұңғымаларда диоксиндердің жиналып қалуы оңай.

ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

Үй жағдайында белсендірілген көмір сүзгілерін пайдалану – ең қолжетімді әрі тиімді амал. Олар судан диоксиндердің 90–97 пайызын ұстап қала алады. Сонымен қатар, кері осмос жүйелері, фотокаталитикалық тазарту сияқты әдістер де бар.

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының мамандары кеңес береді:

  • Су көзіңізді кем дегенде жылына бір рет зертханалық тексерістен өткізіңіз;
  • Пластик қалдықтарды өртемеңіз — бұл диоксиндердің басты көзі;
  • Үйіңізге сапалы сүзгі жүйесін орнатыңыз.

Аталған зерттеулер ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында жүргізіледі. Мұнда су құрамындағы диоксиндермен қатар басқа да улы заттардың бар-жоғы кешенді түрде анықталады.

ӘР АДАМ ӘРЕКЕТ ЕТУІ ТИІС

Судың мөлдір болуы оның қауіпсіз екенін білдірмейді. Диоксиндер көзге көрінбейді және әсері бірден байқалмайды – олар ұзақ мерзім ішінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан үйге сүзгі орнату, суды тексерту және пластик қалдықтарды отқа жағудан бас тарту – әрқайсымыздың қолымыздан келетін маңызды қадамдар.