Сараптама орталығында ағымдағы жылдың 11-12 қарашасында «Астана медицина университеті» КеАҚ-мен жасалған меморандум негізінде ақпаратпен, практикалық біліммен алмасу мақсатында сабақтар өткізілді. Сараптама орталығының мамандары, қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 3 курс студенттерінің бағдарламасы бойынша аспаптар мен олардың жұмыс жасау барысын көрсетті. Тәжірибе барысында жабық орынжайлардың микроклиматы, жарықтандыру, желдету және шу мөлшері өлшенді. Сонымен қатар, студенттер азық-түлік және азық-түлік шикізатының сапасын анықтау бойынша микробиологиялық зерттеу әдістерімен танысты.
Сабақ барысында студенттер нормативтік құжаттармен жұмыс істеді, микроклимат өлшемдері бойынша аспаптарда жұмыс істеу дағдыларын игерді.
Болашақта да студенттермен жұмыс жалғасын табатын болады.
Бұл іс-шаралар студенттердің болашақта біздің Орталықта жұмысқа орналасуға қызығушылығын тудыруы мүмкін.