Басты бетҚР ПІБ МО ЭОК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТХАНААРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ СЫНАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ПІБ МО ЭОК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТХАНААРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ СЫНАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ПІБ МО ЭОК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТХАНААРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ СЫНАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» (бұдан әрі − Орталық) халықаралық зертханааралық салыстыру сынақтарына (бұдан әрі − ЗАСС) қатысты. ЗАСС дегеніміз – бұл зертханалық процедураларды құпия, тәуелсіз тексеретін сынақтар. ЗАСС қатысу − сапаны бақылау жүйесінің тиімділігін және персоналдың кәсіби даярлығының деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Бақылау үлгісін провайдер, Fapas (Ұлыбритания) компаниясы ұсынды.

FAPAS (азық-түлік өнімдерін талдау саласындағы сынақтарды бағалау жөніндегі халықаралық ұйым) азық-түлік секторындағы аналитикалық химия және микробиология бойынша салыстырмалы сынақтарды ұйымдастыратын ірі ұйымдастырушы болып табылады. FAPAS ұйымдастырған салыстыру сынақтарына әлемнің 100-ден артық елдерінен 2000-нан астам қатысушылар қатысады.

Осылайша, біздің Орталықтың мамандары құстың өкпе-бауырынан жасалатын өнімдегі тетрациклин тобының антибиотиктерін анықтау бойынша раундқа табысты қатысқаны туралы сертификатқа қол жеткізді. Орталық өз мамандарының құзыреттілігін, халықаралық аккредиттеу талаптарына сәйкестігін және тамақ өнімдерін зерттеу үшін қолданылатын әдістердің дұрыстығын растады.