2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндерін өткізу аясында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК медициналық ұйымдардың басшылары үшін медициналық ұйымдарда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты иммундау сұрақтары бойынша мастер-класс өткізеді.
Дүние жүзіндегі және Қазақстанда қызылшаға қарсы эпидемиологиялық жағдайдың осы ауруға қарсы екпе алмаған адамдар санының өсуіне байланысты асқынуы вакцинациямен қамтудың маңыздылығын көрсетеді. Иммундау инфекциялармен күресудің ең тиімді шарасы болып қала береді.
Қазіргі уақытта қызылша ауруының жоғарылау қаупін және COVID-19 пандемиясының сабақтарын ескере отырып, медициналық ұйымда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Инфекцияның алдын алу және бақылау, оның ішінде микробқа қарсы төзімділік бойынша практикалық және ғылыми дәлелденген фактілер негізінде оқыту бағдарламасы пациенттер мен медицина қызметкерлерінде инфекцияның алдын алуға ықпал етеді.
Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекцияның алдын алудың тиімді бағдарламасы мен стратегиясы медициналық ұйымның инфекциялық салауаттылығының кепілі болып табылады.