Басты бетШығыс Қазақстан облысында орта және шағын кәсіпкерлерге арналған реттеуші саясат және азық-түлік...

Шығыс Қазақстан облысында орта және шағын кәсіпкерлерге арналған реттеуші саясат және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мәселелері бойынша шеберлік сағаты.

Шығыс Қазақстан облысында орта және шағын кәсіпкерлерге арналған реттеуші саясат және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мәселелері бойынша шеберлік сағаты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының “ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2023 жылғы 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы, “ҚР ДСМ СЭҚК Шығыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменті” РММ және ҚР ДСМ СЭҚК “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК -нің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында шеберлік сағатын өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы өндірістік саласы дамыған аумақ болуымен қатар, азық-түлік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша да жетекші орын алып отыр. Бір пікір алмасу алаңында реттеуші саясат және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мәселелері талқыланды.

Орта және шағын бизнес үшін тәжірибеде қауіпті факторларды сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау негізінде халықаралық жүйелерді қолданудағы дағдыларды алуға мүмкіндік берілді.

Өткізілген іс-шаралар халықтың денсаулығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, бәсекелестікті арттыру және өнімдерді шетел нарығында танылуы үшін өзекті.

Шеберлік сағатына мемлекеттік бақылау органдары және қызметтің зертхана мамандары, азық-түлік өндірісі, қоғамдық тамақтану обьектілері және білім беру обьектілерінде тамақтануды ұйымдастырушылардан барлығы 55 артық қатысушылар қатысты.