Басты бетШығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығын...

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында медициналық ұйымдардың басшылары үшін медициналық ұйымдарда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты иммундау сұрақтары бойынша шеберлік сағатын өткізілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында, 2023 жылғы 19 cәуірде ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК медициналық ұйымдардың басшылары үшін медициналық ұйымдарда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты иммундау сұрақтары бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты халық арасында қызылша ауруының өршуі мен таралу қаупі, вакцинацияланбаған адамдарды иммундаудың маңыздылығын көрсетеді. Иммундау − бүкіл әлем бойынша инфекциялармен күрестін ең тиімді шара болып қала береді.

Қазіргі уақытта қызылша ауруының таралу қаупін және COVID-19 пандемиясының сабақтарын ескере отырып, медициналық ұйымда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Инфекцияның алдын алу және бақылау, оның ішінде микробқа қарсы төзімділік бойынша практикалық және ғылыми дәлелденген фактілер негізінде оқыту бағдарламасы пациенттер мен медицина қызметкерлерінде инфекцияның алдын алуға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау медициналық ұйымның инфекциялық салауаттылығының кепілі болып табылады.