Басты бетБіздің сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті

Біздің сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті

Біздің сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті

ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК тарапынан ұйымдастырылған ашық есік күндеріне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің 17 филиалының 20 қызметкері үшін «Сынама дайындаудың әр қадамын көрсете отырып, өсімдік майларының май қышқылдық құрамын анықтау» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында әдістің ерекшеліктері көрсетіліп, нормативтік база мен регламенттік құжаттарды таңдау бойынша талқылаулар жүргізілді.

Біздің сарапшылар өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс барысындағы барлық артықшылықтарын көруге мүмкіндік беретін жаңа әдістемелер мен қолданылатын тәсілдер туралы айтып берді.

Мұндай тәжірибе алмасу бізге, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз. Әріптестерімізге әдістемелерімізге қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз!