ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының анализ және сапа менеджменті бөлімінің мамандары Алматы эпидемиологтар қоғамының қолдауымен ағымдағы жылдың 23 мамырында Алматы облысының медицина қызметкерлеріне арналған «Инфекциялық аурулардың иммундық профилактикасының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары, госпитальдық эпидемиологтар, МСАК жалпы практика дәрігерлері, Алматы облысының педиатрлары қатысты.
Семинарда ҚР жетекші мамандарының Қазақстан Республикасы мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуал бойынша вакцинамен басқарылатын инфекциялар, профилактикалық егулермен қамту, вакцинацияға жалған және шынайы қарсы көрсетілімдер, иммундаудың неврологиялық жағдайлары бойынша баяндамалары таныстырылды.
Сондай-ақ ата-аналармен жұмыс істеудегі негізгі қиындықтарды/кедергілерді анықтау бойынша практикалық жаттығулар және БАҚ өкілдерімен коммуникация пысықталды.
Семинар барысында МСАК деңгейіндегі проблемалық мәселелер туралы белсенді талқылау ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтар қойып, толық жауаптар алды