Басты бетАриэль университеті (Израиль) мен Астана медицина университеті делегацияларының ҚР ПІБ МО санитар...

Ариэль университеті (Израиль) мен Астана медицина университеті делегацияларының ҚР ПІБ МО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында кездесуі өтті

Ариэль университеті (Израиль) мен Астана медицина университеті делегацияларының ҚР ПІБ МО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында кездесуі өтті

2023 жылғы 14 шілдеде Ариэль университеті (Израиль) мен Астана медицина университеті делегацияларының ҚР ПІБ МО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында кездесуі өтті.

Іссапардың тақырыбы Қазақстан мен Израильдің Денсаулық сақтау жүйесін, атап айтқанда санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық жүйесін ұйымдастыруды және түрлі ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын жарақтандыру деңгейін салыстырмалы талдау мәселелеріне арналды.

Ариэль университетінің өкілдері, профессор Нахман Эш (м. ғ. д., Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры, Израильдің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі уәкілі, Израиль қорғаныс армиясының медициналық корпусының бастығы (бұрын болған), Денсаулық сақтау жүйелерін басқару департаментінің бастығы) және профессор Лиат Корн (м. ғ. д., Денсаулық сақтау жүйелерін басқару және денсаулықты нығайту бөлімінің меңгерушісі) және Университеттің докторанттары ҚР ПІБ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Кездесу Ариэль университеті (Израиль) базасында бейресми білім беру шеңберінде ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтауға , ғылыми жобаларды орындауға, оның ішінде мамандар даярлау бағыты бойынша мүмкіндіктерді айқындауға көмектесті.