Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) әлемдегі ең көп таралған аурулардың бірі болып қала береді. COVID-19 пандемиясы кезінде жинақталған тәжірибені және алдағы эпидемиялық маусымда респираторлық инфекциялардың таралу қаупін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп 2023 жылғы 21 қыркүйек айында өтетін «Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға» қатысуға шақырады.
Конференцияда ҚР ПІБ Медициналық орталығының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері болады.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
* Қазақстан Республикасында ЖРВИ, тұмау және COVID-19 аурулары бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай.
* Алдағы эпидемиологиялық маусымда денсаулық сақтаудың алдында тұрған міндеттер.
* Респираторлық инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау.
* Респираторлық инфекцияларды алдын алу шаралары.
* Вакциналауға деген сенімге әсер ететін факторлар.
Конференция респираторлық медицина саласындағы тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер үшін бірегей алаңды ұсынады, сондай-ақ респираторлық инфекциялармен күресте ұлттық және әлемдік сарапшылардың ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
Қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған жалпы ұмтылысқа үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Біз барлық мүдделі тұлғаларды осы маңызды оқиғаға қосылуға шақырамыз.
Тіркелу және конференция бағдарламасы туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы табуға болады https://epidconference.online/.
Мекенжайы: Астана қаласы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, Е495, 2г
Уақыты: 10:00