Басты бетРеспираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық...

Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция

Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция

ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» 2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетімен бірлесіп гибридті форматта (офлайн және онлайн) «Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция» өткізді.

Конференция жұмысын ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Л.В. Бюрабекова, ҚР ДСМ СЭҚК төрағасының орынбасары       З.Д. Ахметова және ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Скендер Сыла ашып берді.

Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қазақстан Республикасындағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі америкалық орталықтардың өкілдері, еліміздің жетекші ұлттық ғалымдары, шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. А.А. Смородинцев атындағы тұмау ҒЗИ директорының (Санкт-Петербург қ.), «Академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Д.А. Лиознованың (Ресей), Ташкент медицина академиясының эпидемиология, микробиология, жұқпалы аурулар орталығының медицина ғылымдарының докторы, доцент Н.У. Тәжиеваның (Өзбекстан), ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар инфекционисінің, Астана Медицина Университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Д.А. Баешеваның және басқа да қазақстандық ғалымдардың  баяндамалары ұсынылды.

Конференцияда клиниканың өзекті мәселелері, эпидемиология, респираторлық инфекциялардың: тұмау және ЖРВИ, Ковид-19, пневмококк инфекциясы және т.б.  диагностикасы мен алдын алу мәселесі, вакцинацияға сенімділік беретін факторлар талқыланды.

Қазақстанның барлық өңірлерінен дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігерлер, эпидемиологтар офлайн форматта -183, онлайн – 7677 адам қатысты. Конференция аясында мамандар өзара кәсіби пікірлерін ортаға салып, ғылыми-практикалық тәжірибелерімен алмасты.