2023 жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында «жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: туындалатын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты инфекционистердің халықаралық деңгейдегі III Қазақстандық конгресі өтті. Аталмыш Конгреске ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының» мамандары қатысты.
«Пандемиядан кейінгі барлық өзекті инфекциялар» мәселесіне арналған секцияларға бөлінген симпозиумда талдау және сапа менеджменті бөлімінің меңгерушісі Мейірім Жасаралқызы Сұлтанова «Тұмау тәріздес аурулар және ауыр жіті респираторлық инфекциялар үшін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері» атты баяндама жасады. Баяндама барысында Қазақстандағы тұмау мен басқа да ЖРВИ-ді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері, эпидемиялық маусымның өткен кезеңіндегі шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері және келесі эпидемиологиялық маусымға қойылған міндеттерге тоқталды.
Иммундық профилактика секциясында Денсаулық сақтау менеджері Лена Құралғазықызы Қасабекованың «Сovid-19-ға қарсы вакцинациялаудың кедергілері мен қозғаушы факторларын анықтайтын зерттеулердің нәтижелері және вакцинациялау бағдарламалары бойынша болашақ іс-қимылдар туралы ақпарат беру» атты баяндамасы ұсынылды. Өз баяндамасында Л.Қ. Қасабекова ауру адамдарға күтім жасайтын адамдар арасында, медицина қызметкерлері арасында да вакцинацияға оң көзқарасқа ықпал ететін кедергілер мен факторларды зерделеу және халықты иммундау туралы шешім қабылдау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, дәріскер халықты иммундау кезіндегі проблемалық мәселелерді атап өтті.