Басты бетМикробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық ғылыми...

Микробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Микробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция Микробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

АҢДАТПА

Күні: 2023 жылдың 17 қарашасы

Уақыты: 10-00 сағат

 

Жыл сайын 18-24 қараша аралығанда әлемдік қауымдастық микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолданудың Дүниежүзілік апталығы шеңберінде микробқа қарсы тұрақтылық мәселесіне назар аударады. Жыл сайын оның өзектілігі жоғарылайды. Микробқа қарсы тұрақтылық қоғамдық денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді, сондықтан оны жеңу үшін халықаралық ден қою және тәжірибе алмасу маңызды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткізілетін «Микробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға» шақырады.

Талқыланатын тақырыптар:

  • Микроорганизмдердің төзімділігіне микробиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру.
  • ҚР-дағы антибиотикке төзімділікті бақылау ерекшеліктері.
  • Тамақ өнімдерін өндіруде антибиотиктерді пайдалану.
  • Микробқа қарсы төзімділік бойынша басқа өзекті сұрақтар.

Конференция жұмысына ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері, ДДҰ сарапшылары, халықаралық ұйымдар, жетекші ұлттық және шетелдік ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысады.

 

Конференцияға онлайн форматта қосылу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет https://amrconference.kz/.