Бүгін ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығымен бірге микробқа қарсы төзімділікпен күресудің дүниежүзілік апталығына орайластырылған халықаралық конференциясын өткізді.
Конференция барысында микробқа қарсы препараттарға төзімділігінің мониторинг жүйесін одан әрі жетілдіру және таралуын төмендету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ антибиотиктерге төзімді микроорганизмдерді анықтаудағы зертханалардың рөлі, микробқа қарсы төзімділікті қадағалау жүйесіндегі санитариялық-эпидемиологиялық зертханалар мен ветеринарлық қызметтермен өзара байланыс орнату.
Конференцияда ДДҰ сарапшылары, микробиология және бактериология саласындағы жетекші шетелдік және қазақстандық ғалымдар, Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ветеринария саласындағы ұлттық үйлестірушілер мен консультанттары баяндама жасады.
Конференцияға офлайн және онлайн форматта 375-тен астам қатысушы, ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығының практикалық мамандары, госпиталды эпидемиологтар мен медициналық қызметкерлер қатысты.