COVID-19 вирусының айналымы жалғасып келе жатқандықтан, әлі де симптомы жоқ ағымнан бастап, тыныс алудың өткір жеткіліксіздігіне дейінгі әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі аурулардың тұтас спектрін тудыруы мүмкін.
Пандемия аяқталғанына қарамастан, мониторинг әлі жасалып келеді. Әлемде барлығы 700 млн-нан астам жағдай тіркеліп, оның ішінде 7,0 млн-ға жуық адам қайтыс болды.
Егде жастағы, иммун тапшылығымен ауыратын, басқа аурулары бар, жүкті адамдарда аурудың ауыр ағымда жүру қауіпі бар.
Ауру науқаспен тығыз байланыста болған кезде, негізінен жөтелу, түшкіру, ән айту, жаттығу немесе сөйлесу арқылы тыныс алу жолдарынан ұшатын сілекей тамшылары арқылы таралады. Тыныс алу жолдарының үлкен тамшылары ұшып, қысқа қашықтықтағы шырышты қабаттардың бетіне түсу арқылы таралады.
COVID-19-дың алдын алу − вакцинациялау және медициналық ұйымдарда, халық көп жиналатын жерлерде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар және т. б.) медициналық бетперде кию, қол жуу, жұқтырған адамдарды оқшаулау сияқты қарапайым шараларды сақтаудан тұрады.