Қазіргі уақытта тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың маусымы. Қазақстанда тұмаудың екі түрі (А және В) және басқа да респираторлық вирустар, мысалы, риновирус және респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, метапневмовирус, парагрипп және басқалары жиі айналымда жүреді.
ЖРВИ мен тұмау жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде ауа тамшылары арқылы таралады.
ЖРВИ және тұмаумен ауырған науқас басқаларын симптомдар басталғанға дейін бір күн бұрын және ауру басталғаннан кейінгі алғашқы 3-4 күннің ішінде жұқтыруы мүмкін.
Аурудың белгілері әдетте кенеттен пайда болады. Науқастарда дене температурасының жоғарылауы, жөтел, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, бұлшықет, бас ауруы, әлсіздік болуы мүмкін.
Тұмаудың әсерінен ағзаның жұмысы бұзылып, иммундық жүйенің әлсіреуіне әкелетін асқынулардың дамуы әбден мүмкін.
Созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларда ауыр асқынулардың даму қаупі жоғары.
Тұмаумен және ЖРВИ мен ауырмау үшін жалпы алдын алу шараларын сақтау қажет:
- адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз;
- науқастармен байланысқа түспеу және қашықтықты сақтау;
- жөтелгенде және түшкіргенде майлықпен аузыңызды жабыңыз;
- қолды жиі жуу;
– салауатты өмір салтын ұстану – спорт және үйлесімді тамақтану.