Басты бетЭнтеробиоздың алдын алу

Энтеробиоздың алдын алу

Энтеробиоздың алдын алу

Энтеробиоз – паразиттік құрттар – жылан құрттар тудыратын өте кең таралған ауру. Энтеробиозға байланысты проблемалардың өзектілігі, осы гельминтоздың балалар арасында кең таралуына байланысты болып отыр.
Аурудың пайда болуының негізгі себебі – баланың қоршаған ортасында ауруды тудыратын дернәсілдер мен жұмыртқалардың кең таралуы және жеке гигиенаны сақтамау.
Энтеробиоз ауруымен тек адамдар ғана ауырады. Жылан құрттар отбасындағы адамнан адамға, балалар ұжымында (мектепте, балабақша, спорт ғимараттары, үйірмелер ұйымдастырылатын орынжайларда) беріледі. Инфекцияның негізгі жолы – ауыз қуысы арқылы берілу (лас, кір қолдағы құрт жұмыртқаларын жұту).
Энтеробиозбен ауыратын науқастар тік ішектен шығатын жылан құрттардың әсерінен қышыған анус аймағын қасыған кезде саусақтарын, тырнақтың астын ластайды. Осылайша құрт жұмыртқалары қол арқылы ауызға оңай еніп, өзіне-өзі ауру жұқтырады.
Қышудан басқа, іштің ауыруы, тәбеттің бұзылуы, сұйық нәжіс, жүрек айнуы және бас ауруы алаңдатуы мүмкін.
Инфекцияның негізгі себебі болуы мүмкін факторларға жататындар:

• жеке гигиена ережелерін сақтамау;
• тырнақты тістеу немесе саусақтарды сору әдетінің болуы;
• үйде және балалар мекемелерінде тазалықтың болмауы;
• жуылмаған көкөністер мен жемістерді жеу;
• жануарлармен, құмсалғышта және т.б. жерлерде ойнағаннан кейін қолды жумау.
Энтеробиоз қанша қарапайым ауру болғанымен, соншалықты өте күрделі проблемалар тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, ас қорыту органдары жұмысының бұзылуларының себебі болуы мүмкін, сонымен қатар кейбір жағдайларда аллергиялық аурулардың өршуінің себебі болуы мүмкін.

Энтеробиозды жұқтырудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау керек:
• балаларға жеке гигиена дағдыларын үйрету;
• қолды сабынмен жиі жуу;
• тырнақты қысқа кесу;
• баланың іш киімін күнделікті ауыстыру;
• орынжайларды сабынды ерітінділермен тазалау;
• балалардың ойыншықтарын жуу немесе өңдеу;
• баланың бөлек төсек орны мен бөлек сүлгісінің болуы.
Есіңізде болсын, жоғарыда аталған санитариялық-гигиеналық шараларды орындау сіздің балаңыздың энтеробиозбен ауыруына және айналадағы адамдарға жұқтыруына жол бермейді. Гельминттер-зиянды және қауіпті, ауруды жұқтырып ем іздегенше, аурудың алдын алу әлде қайда оңай болмақ.

Барлық сұрақтар бойынша Клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Қожаахмет Шунгульшинға хабарласа аласыз тел. 87779222292