2024 жылғы 03 сәуірде ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы жасалған меморандумға сәйкес «Қоғамдық денсаулық сақтау және гигиена» факультетінің студенттері біздің Орталықты көруге келді.
Студенттерді жалпы зертхана жұмысының ерекшеліктерімен таныстырып, санитариялық-химиялық зерттеулер зертханасында студенттерге ауа, су, топырақ және басқа да қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау үшін қандай әдістер мен технологиялар қолданылатыны көрсетілді. Олар сондай-ақ әртүрлі зерттеулер жүргізу үшін сынамаларды алу және өңдеу процедурасымен танысты.
Зертханаға келген студенттер өз теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, талдаулардың қалай жүргізілетінін және олардың негізінде қандай қорытынды жасауға болатынын көруге мүмкіндік алды. Бұл оларға болашақта денсаулық сақтау және гигиена саласында кәсіби және тиімді жұмыс істеуге көмек болмақ.
Мұндай іс-шаралар білім беру процесін тереңдетіп, студенттерге болашақ мамандықтарының мәнін жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл сапар студенттердің осы саладағы дағдылары мен білімдерін дамытуға жақсы мотивация болады деп үміттенеміз.